Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » WhatsApp желісін іске қосты

WhatsApp желісін іске қосты


Ал еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі WhatsApp желісін іске қосты. Оған бір тәулік ішінде 400-ге жуық хабарлама түскен. Тұрғындарды зейнетақы, атаулы әлеуметтік көмек пен мүгедектікті тағайындау, көп балалы отбасыларын қолдауға қатысты жайттар толғандырады. Мессенджерге келіп түскен сауалдарға мамандар үш күн ішінде жауап береді. Министрлік өкілдерінің айтуынша, алғашқы күні 200-ден астам сұрақ қаралған. Егер де тұрғындар тарапынан сауалдар легі азаймаса арнайы орталық ашып, қосымша мамандар алу да жоспарланып отыр. Уотсап желісінің нөмірі 8 700 101 1414. Нұрлыбек Жеңісбек, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы: - Уотсап мессенжер арқылы біздің қызметкерлерге сауалдары қоя алады. Онлайн режимде максималды түрде толғандырған сауалдарына жауап ала алады. Мақсат министрлік пен халық арасында диалог орнату. Тұрғындар тарапынан ұсыныстар болып жатса оны қарауға, байланысты арттыруға дайынбыз.

24.kz
20 қаңтар 2018 ж. 1 024 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9292)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (9291)

07 сәуір 2025 ж.

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930