МАХАББАТ НЕДЕН ҚОРҚАДЫ?
Екі жасты махаббаттың құдірет күші әлдилеуі үшін махаббатқа да күш керек. Бұл күшті қайрау үшін, сезімге селкеу түсірмеу үшін ғашықтарға мынадай кеңестер ұсынамыз. Махаббаттың неден қорқатынын білесіз бе?
1. Өзіне деген сенімсіздік пен өзін-өзі дұрыс бағаламау
Өзін өте төмен бағалаған адамның бойында қызғаныш пен ашу басым болады. Бұл белгі әсіресе, қыздарда көп кездеседі. «Мен толықпын», «менің өңім қара» деп өз-өзіне көңілі толмай жатады. Мұндай ойдан арыла алмай жүргендердің жігіті біреуге көз тіге қалса, «ол менен артық, ол менен әдемірек» деген пікір миын жаулап алады. Мұның арты үлкен дауға ұласуы мүмкін. Адам – индивид. Бұл белгіні жеңу үшін өз-өзін жеңе білуі керек. Сыңарыңыз сізді таңдады, сіз өзгелерден ерексіз. Өзгелерге бол өзіңізді ұлы сезіміңізге селкеу түсірмеңіз.
2. Өз-өзін құрметтемеу
Өзіңді сыйламай, өзгені сыйлай алмайсыз. Махаббатта да солай. Өзіңізді жақсы көре алмайтын адам өзгені де жақсы көруі неғайбыл. Демек, ғашық жанның санасында «жақсы көрмеу» деген түсінік болмауы тиіс. Өзін құрметтеу деген өзін өзгелерден биік қою деген сөз емес, оны тәкаппарлықтан ажырата білген адам «Кемел адамның» бірі болуы мүмкін. Махаббат құрмет, сыйластық болмаған жерде өмір сүре алмайды.
3. Махаббаттың соңын күту немесе қорқыныш
Ыдыс-аяқ сылдырлаған кезде, бір-біріңізге қатты сөз айтып, жүректеріңізді дертке шалдықтырасыздар. Сондықтан, барлық жағдайды салқынқандылықпен қабылдаған дұрыс. Әсіресе, ұрыс пен таластың соңы тәтті болмайды. Бәріне сабырлықпен қарап, махаббаттың отын сөндәрмеуге тырысу керек. Махаббат «Енді бірнәрсе айтса, кетем, енді былай десе, болды, бітеді бәрі» деген ойлардан қорқады. Сол себепті, махаббаттың соңын іздеп керек емес. Бұл ұғым шын ғашықтар үшін маңызды емес.
4. Кеңістікті сақтамау
Егер сіз сыңарыңызды өз меншігіңіз ретінде көрсеңіз, қателесіз. Әр адамның өз кеңістігі болады. Өз кеңістігіне біреудің кедергі келтіргенін қаламайтын жандар болады. Олардың сөмкесін не қалтасын сұраусыз қарауға болмайды. Кеңістікті сақтай білу керек.
Дереккөз: Reactor