Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкенттік жас ана сауда орталығында босанып қалды 

Шымкенттік жас ана сауда орталығында босанып қалды 


Шымкенттегі сауда орталықтарының бірінде әйелдер дәретханасында әйел босанып қалды, деп хабарлайды Otyrar.kz. Сауда орталығындағы дәріханалардың біріне дәрі алмаққа кірген 23 жастағы Әйгерім есімді келіншектің толғағы басталған. Өзін жайсыз сезінген жас ана дәретханаға асыққан. Жедел жәрдемді шақырғанмен олар жедел жетіп үлгермеді. Санаулы минуттардан кейін дүниеге шыр етіп қыз бала келді. Ал жас ананы күзет қызметкері Ботакөз Алихан босандырып алған. Қазір сәби мен оның анасы дәрігерлердің бақылауына алынды. Облыстық перинатальдық орталығында жатыр. Сауда-ойын сауық орталығының әкімшілігі балаға бір жылға жететін жөргек пен балалар қоларбасын сыйлауға шешім қабылдапты.

www.24.kz
03 наурыз 2019 ж. 950 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (9307)

02 маусым 2025 ж.

№39 (9306)

28 мамыр 2025 ж.

№38 (9305)

24 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30