Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қан судай ақты: Ақтауда үш жасар баланың қолы эскалаторға қысылып қалды

Қан судай ақты: Ақтауда үш жасар баланың қолы эскалаторға қысылып қалды


Ақтау қаласындағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде үш жасар баланың қолы эскалаторға қысылып қалды. Бұл туралы Lada.kz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Оқыс оқиға 6 маусымда болған. Ерлі-зайыптылар екі баласымен бірге банкоматтан ақша алу үшін сауда-ойын-сауық орталығына кірген. Ер адам тоғыз айлық баласын ұстап тұрғанда, әйелі ақша шешіп жатқан екен. Сол қас-қағым сәтте, үш жасар бала эскалаторға қарай жүгіріп кеткен.
«Мен оның артынан ұмтыла бергенімде баламның сүрініп, құлағанын көрдім. Сол жақ алақаны эскалатордың тістерінің арасына қысылып қалыпты. Оны сол жерден тез арада тартып алдым. Онымен қоймай өзім де шалынып қалдым. Содан жұбайым екеуіміз баланы алып, дәріханаға жүгірдік, онда бізге алғашқы көмек көрсетті. Қан судай ақты»,- дейді баланың анасы.
Осыдан кейін ерлі-зайыптылар облыстық балалар ауруханасына барып, баласының қолын тіктірген.
Зардап шеккен баланың анасы “Ақтау” сауда-ойын-сауық кешеніне шағым жазуға ниет білдірді. Әйелдің айтуынша, сауда орталығы ашылғалы эскалаторға жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
«Эскалатордағы тістер дұрыс болса, онда баланың қолы қысылып қалмай, керісінше артқа итерілер еді. Демек, бұл жер төтенше жағдайларға арналған демалыс орны. Бүкіл қала осы жерде жүреді, бәрінің де балалары бар. Тіпті, қарт адамдар да, биік өкше киген қыздар да жүр. Егер мұндай жағдайлар болса, онда оған кім жауапты болады? », – деді әйел.
Бұл оқиғаның одан әрі қалай өрбитіні сауда орталығының басшылығы мен жергілікті ішкі істер бөлімінің баспасөз қызметі ресми жауап бергеннен кейін белгілі болады.
Stan.kz
09 маусым 2018 ж. 1 194 0