Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» Алматыдағы MEGA сауда кешеніне 12 жыл

Алматыдағы MEGA сауда кешеніне 12 жыл

Сауда ойын-сауық орталығы айтулы күнді ерекше атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. Ашық аспан астында амфитеатр құрылып, көрермендерге түрлі мерекелік бағдарлама ұсынылды. Кішкентай қонақтарға кәсіби цирк әртістері өнер көрсетсе, арнайы ұйымдастырылған лотереяда құны 1 млн теңге болатын MEGA сертификаты ұтысқа қойылды. МEGA сауда ойын-сауық орталығы алдымен кішкентай қонақтардың қатысуымен арнайы флешмоб ұйымдастырды. Сауда кешенінің алаңында мың бұралған бишілер мен сиқыршылар мереке көрігін қыздырды. Біздің қуанышымызды бөлісуге келген әрбір қонаққа көтеріңкі көңіл-күй сайлауға тырыстық», – дейді орталық басшылары. Ерлан Нұрмағамбетов, MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығының директоры: - MEGA – отбасылық ойын сауық кешені. Байқасаңыз, келушілердің арасында ересек адамдарға қарағанда балалар өте көп. Сол себепті болашақта балаларға арналған жобаларды көбейтеміз. Жоспар көп. Мерекелік шарада тосынсый көп болды. Сахнада сауда купондары арқылы алуға болатын түрлі бұйымдармен қатар 100 мың, 300 мың және 1 млн теңгенің сертификаттары ұтысқа шығарылды. Сәуле Имамбаева, қала тұрғыны: - Бірде MEGA-ға келіп сөмке сатып алдым да арнайы купон толтырып, барабанға сала салдым. Енді бүгін, міне, жолым болды, 1 млн теңгенің сертификатын ұтып алдым. Туыстарыма бірден СМС-хабарлама жөнелтіп едім, ешкім сене қоймады. Меніңше, сенген адамдар ғана жеңіске жетеді. MEGA – алматылықтар мен қала қонақтары үшін жайлы кешен. Он екі жылдан бері сауатты менеджмент тұтынушыларға жоғары деңгейде түрлі қызмет көрсетіп келеді. Қалалықтар мұнда ештеңе сатып алмаса да жай демалуға келеді. Әсіресе балаларға арналған түрлі ойын алаңдары отбасылық демалысқа ыңғайлы. Сонымен қатар сәнді, сапалы киім-кешек сатып алғысы келетін тұрғындар әлемге танымал брендтердің барлығын осы жерден таба алады.

www.24.kz
---
02 қазан 2018 ж. 800 0