Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ киносының алтын қорына енген 30 фильм

Қазақ киносының алтын қорына енген 30 фильм

 ÒÐ°Ð·Ð°Ò ÐºÐ¸Ð½Ð¾ÑÑнÑÒ£ алÑÑн ÒоÑÑна енген 30 ÑилÑмӨкінішке орай, кино саласы мамандарының тарапынан «Үздік қазақ фильмдерінің рейтингі жүргізілмеді. Сол себепті кино тілінің талаптарына сай, түсірілімі мен сценарийі дұрыс жасалған фильмдердің тізімін ұсынамыз. Ол тізімге қазіргі таңда фильмдерге ерекше талдау жүргізіп жүрген Олег Борецкийдің ең үздік деп таныған қазақтың 30 фильмін енгізді. Үздік 30 фильм комедия, психологиялық драма, мелодрама, роуд-муви, тарихи фильм, мистика («Адасқандар»), постмодерн («Ине»), истерн («Жабайы Шығыс») секілді жанрлардың барлығы дерлік қамтыған. Қазақ киносы 1929 жылы түсірілген «Түрксіб» пен 1939 жылы түсірілген «Амангелді» фильмінен бастау алды. Алайда кейінірек түсірілген Шәкен Аймановтың «Махаббат туралы поэмасының» (1954) бір бөлек орны бар. Қазақ киносының тағдырын анықтау үшін, жоқ дегенде түсірілген фильмдер жайында білуге тиіспіз. Оларды сынап, пікірталас жүргізу үшін, ең алдымен көру керек. Бұның барлығы да алға ұмтылып, өткен қателіктерді болдырмау үшін қажет. Әрбір фильмнің қайталанбас ерекшелігі болғандықтан тізім хронологиялық ретте жасалды: 1. «Біздің сүйікті дәрігер», Ш.Айманов, 1957 2. «Алдар көсе», Ш.Айманов,1964 3. "Қараш-қараш оқиғасы" ("Выстрел на перевале Караш"), Б.Шамшиев, 1968 4. "Атаманның ақыры", Ш.Айманов, 1970 5. "Қыз-Жібек", С.Қожықов, 1971 6. "Көксерек", Т.Өкеев,1973 7. "Транссібір экспресі", Э.Оразбаев, 1977 8. "Сүйрік", А. Альпиев, 1984 9. "Өзгенікі, ақ пен шұбар", С.Соловьев, 1986 10. "Балкон", К.Салықов, 1988 11."Тікенек", Р.Нұғманов, 1988 12. "Кек", Е.Шынарбаев, 1989 13. "Соңғы аялдама", С.Апрымов, 1989 14. "Сұлтан Бейбарыс", Б.Мансұров, 1989 15. "Қайрат", Д. Өмірбаев, 1991 16. "Ажыратушы", А.Қарақұқлов, 1991 17. "Жабайы Шығыс", Р.Нұғманов, 1993 18. "Жас аккордеонисттің өмірі", С.Нарымбетов, 1994 19. "Заманай", Б.Шәріп, 1994 20. "Кардиограмма", Д.Өмірбаев, 1995 21. "Кім сүйкімдірек", А.Қарпықов, 1996 22. "Шанхай", А.Баранов, 1996 23. "ГАЗ: орыс көліктері", Б.Килибаев, Т.Бекмамбетов, 2002 24. "Самал жел", С. Өтепбергенов, 2004 25. "Сталинге сыйлық", Р.Абдрашов, 2008 26. "Қош бол, Гүлсары", А.Әмірқұлов, 2008 27. "Бақсы", Г.Омарова, 2008 28. "Бәйшешек", С.Дворцевой, 2008 29. "Келін", Е.Тұрсынов, 2009 30. "Адасқандар", А.Сатаев, 2009

Massaget.kz сайты
17 ақпан 2019 ж. 1 061 0