Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда 24 жастағы әйел наркоздың кесірінен қайтыс болды

Алматыда 24 жастағы әйел наркоздың кесірінен қайтыс болды



24 жастағы Ақбота Жалмұратова наркоз салғаннан кейін қайтыс болған. Әйел түймешектерді алдыртып тастау үшін ота жасатқысы келген. Алайда, арудың жағдайы анестетикті салғаннан кейін нашарлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
йел қайтыс болған жекеменшік ауруханада кепілдіктің белгілі бір көлемінде тегін медициналық көмек көрсетілмейді екен. Басқармадағылар ішкі істер органдарының осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастап кеткенін айтты.
Жекеменшік перзентханаға келген әйел мекеме тарапынан туындаған себептердің салдарынан көз жұмған.
Себепті объективті тұрғыдан қарастыру үшін материалдар Алматыдағы қоғамдық денсаулықты қорғау департаментіне берілді. Денсаулық сақтау басқармасындағылар науқастың неден қайтыс болғанын толықтай зерттеп, зерттеуге білікті мамандарды тартуға уәде береді, — деп жазылған басқарманың хабарламасында.
Дегенмен денсаулық сақтау басқармасының жекеменшік мекемелердің жұмысын бақылауға құқығы жоқ. Ол үшін қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті жауапты. Сонымен қатар, департамент жекеменшік және мемлекеттік ауруханаларда халыққа көмектің қалай көрсетілетінін бақылауы тиіс.
Денсаулық сақтау басқармасы алматылықтарға ауруханаларды, медицанлық мекемелерді абайлап таңдауға кеңес береді.
stan.kz
26 қараша 2018 ж. 830 0