Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құндылықтың қайнарына саяхат

Құндылықтың қайнарына саяхат

Қоғамның рухани жаңғыруына халықтың дәстүрі мен ұлттық мәдениеті негіз болуы тиіс. Бұл ретте өмір айнасы, тарих шежіресі саналатын кітап – рухани құндылықтың қайнар көзі. Әлемнің барлық кереметі мен жауһар туындыларын қағаз бетіне қаттаған кітапты насихаттауда түрлі шаралар ұйым­дастырудың маңызы зор.Аудандық балалар кітапханасында Шиелі ауданының 90 жылдығы құрметіне орай «Өлкем менің, мақтанамын өзіңмен» атты библиотакси шарасы өтті. Мақсаты – балаларға Шиелі ауданы туралы толығырақ мағлұмат беру, ауданның мәдени орындарымен, ақын-жазушылары, мәдениет және қоғам қайраткерлерімен таныс­тыру арқылы Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру еді. Сонымен, рухани ұяның белсенді оқырмандары қатысқан кеш А.Сопыбековтың «Киелі мекен-Шиелі екен» атты өлеңімен басталып кетті. Мұнан әрі жиын маңыз берілген форматта жалғасты. Атап айтқанда, «Шиелі тарихы», «Даңқты азаматтар аллеясы», «Проза шеберлері», «Ақындар аллеясы» деп аталатын аялдамаларға библиотакси бөгеліп, маңызды ақ­параттармен бөлісіп, оқырманның танымын кеңейтті.
Кітапханашы Ақайша Жолдас­бекқызының ұйымдастырып, Асыл Үргенішбаева атсалыса өткізілген іс-шараның жас оқырмандарды біршама қызықты деректермен және пайдалы мәліметтермен қызықтырғаны айқын. Сонымен қатар, кітапхана жүйесінің жаңашыл бағдарламалары, тың жобалары арқылы осы сынды шараларды өткізуі балалардың «кітап» деп аталатын сарқылмас қазынаға деген қызығушылығын арттырып, оқырмандарды осынау рухани ортаға көптеп келуіне себеп болмақ.
Кеш соңында тұрақты оқырмандар марапатталып, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Гүлназ Достиярова, №48 Ә.Қоңыртабаев мектеп-лицей мұғалімі Нұргүл Утеева, кітапхананың меңгерушісі Ұлторы Ешмаханова өз пікірлерін ортаға салды. Елбасы бағдарламалық мақаласында кез келген жастың білімді болуы кітапхана арқасында екендігін айтқан болатын.
Туған топырақтың тарихына, әдебиеті мен мәдениетінің тұңғиық тереңіне бойлатқан шарада кейінгі толқын жастар рухани құндылықтарға құрметпен қарау керектігін түйсінді. Осылайша, ұлттық құндылықтар қайнарына библиотаксимен жасалған саяхат өз мәресіне жетті.

Дина ЖҮСІПОВА.
24 қараша 2018 ж. 1 021 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031