Бұрымның қандай киесі бар?
Адам көркі - шаш. Қазақ шашты киелі санайды. Оған бұрыннан келе жатқан қазақтың ырым-тыйымдары дәлел болады. Baribar.kz қыз бұрымының киесі мен оны күту жолдары туралы әңгімелейді. Бұл жайында бізге шашын кішкентайынан өсірген, қазір де бұрымын сақтап жүрген 72 жастағы Айсұлу Жандосова толық айтып берді.
Бұрын қазақ қыздары белінен асқан шашты кесуді жаман ырым санаған. Себебі, ұзын шашты орынсыз кесу адамның жолын кесіп, қасіретке ұшыратуы мүмкін.
Анам “шаш қию ойыңа да келмесін, қиятын болсаң, шашың өскенше үйге келме!” деп ұрысты. Сөйтіп, демалыста үйге бардым. Мен келе сала анам шашымды қиып тастады деп қорықса керек, бірден басыма қарады. Мен қимаған едім. Студент кезімде үнді фильмін көргенді жақсы көрдім. Сондағы үнді қыздарының ұзын шашын өріп немесе түйіп қойғанын көріп қызықтым. Соларға қарап шашыма әртүрлі әдемі үлгі жасап жүрдім. Шыны керек, ұзын шашты қыздар басқа қыздарға қарағанда әлдеқайда әдемі болады.Бұрын қазақ қыздары белінен асқан шашты кесуді жаман ырым санаған. Себебі, ұзын шашты орынсыз кесу адамның жолын кесіп, қасіретке ұшыратуы мүмкін.
Анам “шаш қию ойыңа да келмесін, қиятын болсаң, шашың өскенше үйге келме!” деп ұрысты. Сөйтіп, демалыста үйге бардым. Мен келе сала анам шашымды қиып тастады деп қорықса керек, бірден басыма қарады. Мен қимаған едім. Студент кезімде үнді фильмін көргенді жақсы көрдім. Сондағы үнді қыздарының ұзын шашын өріп немесе түйіп қойғанын көріп қызықтым. Соларға қарап шашыма әртүрлі әдемі үлгі жасап жүрдім. Шыны керек, ұзын шашты қыздар басқа қыздарға қарағанда әлдеқайда әдемі болады.“Түскен шашты құс іліп кетсе, бас ауруына шалдығасың” деген сөз бар. Бас ауруына шалдықтырмағанымен мұның расында да зияны көп екен. Шерхан Мұртазаның “Ай мен Айша” романында тарақтан түскен шашты отқа жағуға болмайтыны жазылған. “Шашты өртесе, анасының отқа күйген иісін бала танып қояды екен де: “Анамыз тозақ отына түсіп кетті-ау”, – деп шырылдайды екен. Анамызды құтқарып аламыз деп, өздері де тамұқ отына түсіп кете жаздайды” деп шаштың киесі туралы анық түсіндірген.
Шашты кез келген жерде тарауға болмайды. Ол қай жерде де ерімейді, өзімен-өзі жойылмайды. Сондықтан тарағаннан кейін оны жинап алу керек. Өзім шашымды ешқайда тастаған емеспін. Қазіргі күнге дейін жинап жүрмін, бір жастық болатын көлемде жиналды.Қыздардың шашын жайып жүруі де жаман ырым деп жатады. Қазақта әйел тек күйеуі қайтыс болғанда шашын жайып жылаған. Әйелдер жоқтау айтып жылағанда шашын жайып жіберіп жыласа, ішіндегі шері тарқайды деп ырымдаған.
Шашты ең біріншіден таза ұстап, уақытында тарап тұру керек. Менің шашымда қазіргі күнге дейін қайызғақ жоқ. Мен бұрын шашымды кірсабынмен де жуа беретінмін. Бұрын қазақтар сүйек пен сексеуілдің күлін қайнатып сабын жасаған. Оны “заһар” деп атайды. Оның күші сусабынмен тең, өте сапалы, кірді де, шашты да жақсы ашады. Аптасына 3 рет жуса, көптік етпейді. Негізі ұзын шашты ұшынан бастап тараса, шаш тез жазылып, түсуі азаяды. Мен шашымды өмірімде тек қынамен бояп көрдім. Химиялық бояулар шашты құртады. Бұрын жаңбырдың суымен жуса, жақсы болады дейтін. Өзім де жуып көрдім, шаш жарқырап, сусылдап тұрады.9 немере қызы бар Айсұлу Жандосова барлығының да шашын өзінің қадағалауымен кішкентайынан өсіріп келеді. Бала “айтқанды емес, көргенді істейді” деген бекер сөз емес. 3-сынып оқушысы Томирис Мүсірәлі де әжесіне еліктеп, шолпы тақпаса да, бұрымын өріп жүргенді ұнатады.
Мен де әжемдікіндей етіп, шашымды өсіргім келеді. Мектепке барған сайын шашымды әртүрлі етіп өріп қоямын. Мектепте өзіммен аттас Томирис деген құрбым бар. Сыныпта екеуіміздің ғана шашымыз ұзын. Басқа құрбыларымыз бізге қызығады.Қазақ бұрымды киелі санап қана қоймай, оны ардың белгісі санаған. Тәуке ханның “Жеті жарғы” заңнамасының үшінші тағаны “Кек пен жаза” деп аталады. Мұндағы түрлі қылмысқа қатысты жазалардың ішіндегі ең ауыры – өлім жазасы. Содан кейінгі ауыр жазалардың бірі – бұрымын кесу. Нәпсісін тыя алмаған еркектің атының құйрығын кесіп, ардан аттаған қыздың немесе күйеуінің көзіне шөп салған әйелдің бұрымын кескен.
baribar.kz