Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алақан сызықтарына қарап тағдырыңды болжайды

Алақан сызықтарына қарап тағдырыңды болжайды


Басыма мұндай жағдай түседі деп әсте ойламаған едім. Біз бақытты отбасы болатынбыз. Алды – 12-ге, кішісі 4-ке келіп қал­ған ұл-қыздарым ата-әжесінің қамқорлығы, әкесінің қолдауымен еркелеп өсіп келе жатқан. Ал біздің жұбайлық татулық пен сыйлас­тығымызға туған-туыс, дос-жаран тәнті болатын. Қызыға қарайтындар да көп еді.
 Қайынатам ауылдағы үйді сатып, қаржысын бізге берді. Ақылдаса отырып, біз киім сататын шағын дүкен аштық. Мен енді Қырғызстан мен Қытайдан тауар таси бастадым. Бір жарым жылдан кейін көлік жөндейтін шағын станция аштық. Күйеуім екеуміз жұмысқа ерте кетіп, кеш келетін болдық. Осының бәрін жолға қойып болғанда ол бізге сал­қын тартып, кейде үйге қонбай қалатын болды. Баста мән бермеуші едім, оның жұмыс дегені сылтау ғана екені де сезіле бастады. Табысы да аза­йып, мінезі де өзгеріп кетті. Мұның сырын ұялы телефонындағы «хаттардан» ұқтым. Ол көлденең жүріске салынған екен. Бұл нәрсе қай әйелге ұнасын? Ұрыс-керіс көбейді. Одан жалыққан ата-енем бізге енші беріп, бөлек шығарып жіберді.
 Ата-енеден бақылау болмаған соң күйеуімнің ерсі мінезі мен қылығы тіпті өршіп кетті. Бұрын-соңды арақ дегенді татып алмайтын ол күн сайын ішетін болды. Оның телефонынан маған намысыма тиетін және қоқан-лоққы қоса жазылатын хаттар келетін. Оны кім жазып отырғанын мен жақсы біліп отырамын. Ақыры шыдай алмай, пал аштырдым. Отбасымды сақтауға көмектесетін адам іздедім. Жасырмаймын, бірнеше палшының алдынан өттім. Шығындандым да. Сонда бір таныс келіншек Шымкент­те Аида деген көріпкел барын айтты. Міне, осы көріпкелдің көмегімен біздің отбасылық бақытымыз баяғы қалпына келді.
 Аида маған: «Сабырлы бол, бұл бірден және тез арада бітетін іс емес. Мен саған ештеңе уәде етпеймін. Бірақ қолымнан келгенше көмектесемін», – деген еді. Таро картасымен пал ашып, алақан сызықтарына қарап тағдыр жолыңды айтып беретін ол шырақ жағу тәсілімен тазалау, су мен адыраспанға дем салып беру, шөптен дәрі жасау сияқты бірнеше тәсілді біледі екен. Не керек, мен одан бірнеше күн ем алдым, ол үйге шырақ беріп жіберді, оны таусылғанша жағып қой деп тапсырған еді. Шырақ үйдегі жағымсыз энергия­ны жояды, татулық шақырады деп түсіндірген болатын. Ал күйеуіме арақты тастау үшін шөптерден тұнба әзірлеп, оған дем салып берді. Оны күніне бір рет, бір шай қасықтан суға қосып беріп жүрдім. Осылайша Аида екі ай дегенде екі жыл бойы берекесі кеткен отбасымды бұрынғы бақытты күндерге толы қалпына келтіруге көмектесті.
 Содан бастап мен осы көріп­келмен хабарласып тұрамын. Ауырып, мазамыз кетсе де, жолымыз болмай жатса, қарыз ақшамызды қайтара алмай қалсақ, бизнесіміз алға баспай қалса да Аидаға жол аштырып алу әдетімізге айналды. Білетінім, Аида жасы келсе де жұбын таппай жүргендерге жасалатын ерекше бір жоралғыны біледі екен. Сондықтан оған жалғыздықтан жапа шеккендер де көп барады. Ол пал ашу, алақан сызықтарына қарап тағдырыңды болжау, көлік, үй сату, бизнестің алға басуына көмектесетін, тіл-көз бен қарғысты кетіретін дұғалармен көмектесуді меңгерген.
Егер сіз Аида көріпкелдің көмегін қажет етсеңіз, оған 8-775-328-15-88 нөмірлі телефон арқылы хабарласуға болады.
 Маржан ӨТЕПБЕРГЕНОВА.
 Zamana.kz
03 қазан 2018 ж. 3 195 0