Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жорамал бойынша сіз қандай тұрмыстық техникаға тең келесіз?

Жорамал бойынша сіз қандай тұрмыстық техникаға тең келесіз?


Тоқты: 
Сіз утіксіз. Сырт көз қарағанда сіздің өміріңіз бəрі тегіс сияқты болып көрінеді. Бірақ , тек сіздің өзіңізге аян, бұл бірқалыптылықтың қандай маңдай термен келіп жатқаны. Бəрін осындай жағдайға жеткіземін деген сіздің шыдамдылығыңызға, мақсатқа жетемін деген табандылығыңызға тек қызығана қарауға болады.Таудай қиындыққа төтеп беріп, бəрін бірқалыптық деңгейге қою үшін сіздің араласуыңыз керек болып тұрады. Сіздердей адамдар көп болса, өмір тек қыры шығып тұрған киімдей,реттеліп тұрар еді. 

Торпақ:
Сіз шəйнексіз. Егер бұл үй жабдықтарына арналған жорамал болса, сізді диванға теңеуге болатын- себебі, өте сенімді,тұрақты адамсыз. Бірақ, бұны мақтау деп өзіңізді көтермеңіз. Самовар секілді, сіз үстел басында басшы болып тұрғандай, сізде сондай басшы болғыңыз келеді. Шəйді күніне 10 рет ішкіңіз келгендей, сізді осылай көргіск келетін адамдар қаншама. Іші бос кеселер секілді, іші қуаныштан босап қалған адамдар сізден нəр сусының алғысы келеді. Бірақ, суы таусылғанда шəйнектің спиралі қызғандай, сіздің де қатты ашулағаннан айналаңыздағы затты көрмей қалуыңыз мүмкін.

Егіздер:
Сіз компьютерсіз. Толық жабдықталған десем де қателеспейміз: процессор өте ақылды, монитор анық, жəне клавиатураңыз тез тез басылады. Өзіңіздің қолыңыздан келмесе де, қиын проблемаға араласып кетесіз. Компьютер тышқансыз көп іс тындыра алмағандай, сіздің қасыңызға сондай демеп отыратын көмекші адам керек. Сонда ғана сіз заттың шешімін таба аласыз.

Шаян:
Сіз газ плитасысыз. Өте керемет плитасыз. Сіз бəрін тамақтандырасыз, бəрімен қамтамасыз етесіз, бəрін уайымдап, бəріне қамқор боласыз. Іштен бөлінген жылу арқылы айналаңыз жылынады. Бірақ, кейде өзіңізге сұрақ қоясыз:" міне, мен бəрін басқаларға жасап жатырмын, бірақ өзім үшін қашан сүремін ?" деген. Бірақ, сол кезде өзіңізге өзіңіз жауап бересіз :" Мен осы үйдегі шаруаның бəріне жауап берушімін ғой, сол себепті бұл менің міндетім гой" деп. Кейбе сіз ашуға берілген кезде бүл айналаңдағылар үшін үлкен сынақ, яғни жуастың ашуланғанынан сақтан деген сөзбен жеткізуге болады.

Арыстан: 
Сіз шаңсорғышсыз. Сіз өзіңіздің даусыңыздан басқа дауысты естігіңіз келмейді. Айналаңның шаңын тазалап қана қоймай, таза ауаны көбірек қажет етесіз. Сіздің бəрін жинастырамын деген энергияңыз арқылы өмірде кездескен қиындықтарды жеңіп алға ұмтылу қасиетіңіз жақсы дамыған. Бірақ, қолыңыздан келмейтін істі мен жасай аламын деп өзіңізді шаршатып алмаңыз.

Бикеш:
Сіз видеокамерасыз. Сіз өте байқампазсыз, есте сақтау қабілетіңіз жоғары. Бүкіл əлемге бір күдікпен қарайсыз. Оптикалық камерамен қарағандай кейде ұсақ нəрсені үлкен қылып көресіз. Адамдарды екі топқа бөліп қарайсыз, өзіңізге жақпаған адамды ешқашан қасыңызға тарта алмайсыз, ал өзіңіздің ұнатқан адамнан ешқашан ешуақытта да теріс айнала алмайсыз.

Таразы:
Сіз магнитоласыз. Сізді ортаны қыздырып жүретін адамсыз. Сіз өте көңілді адамсыз, айналаңызға қуаныш сыйлап жүресіз. Көңілсіз жүрген адамдардың жүзіне күлкі сыйлайтын қасиетіңіз арқылы əрқашанда қасыңызда адамдар жиналып жүреді.

Сарышаян:
Сіз ас комбайнысыз. Сізге үлкен кедергінің өзі де түкке тұрғысыз нəрсе болып қалады. Бүкіл əлемді басқарып, үстемдігіңізді жүргізгіңіз келеді. Бірақ, ас комбайнына тамақ салынбай ол іске қосылмайтындай, сізге де үлкен сенім керек. Бір жағынан сіз, өзіңізден əлсіз адамдарға əрқашан көмектесуге дайынсыз.

Мерген:
Сіз теледидарсыз. Ішіңіздегі жарық пен жылулықты айналаңызға сыйлап отырасыз. Сіз өз білгеніңізбен айналаңыздағы ортаға бөлісіп отырасыз. Бетке тіке айтқанда ұнатасыз, сол үшін де сөгіс естіп жатасыз. Бірақ, сіз оларға мен шындықты ғана айттым ғой деп құтылып кетесіз. Сіз адамдармен араласуға , сөйлесуге таптырмайтын бірден бір жансыз. 

Тауешкі:
Сіз мұздатқышсыз. Тек қана асханадағы басты жабдық емес, бүкіл үй - ішіндегі басты адамсыз. Сіз сырт көзге суық болғанмен, сізді жақын танығанда адамдар жылуыңызды сезіне алады. Сен тимесең , мен тимеймін дейтін адамның бірісіз.

Суқұйғыш:
Сіз кір жуғыш машинасыз. Сіздің жаңызға қанша ауыртпалық жасаса да, сіз ол адамның бір таза жерін көріп отырасыз. Өзіңізді өзіңіз бағындыра аласыз. Өзіңізге керек жағдайда асықпай болса да өзіңізге тиімді жолды тауып аласыз.

Балықтар:
Сіз ұялы телефонсыз. Сіз ұялы телефон секілді, бір көзге қарағанда қарапайым, ешкімге тиіспейтін, үнсіз жүретін адам секілді жүрерсіз, бұл қалыпты сіздің қытығыңызға тигенше ұстанасыз. Тез қызбасыз. Телефон секілді керексіз қоңыраулардан( адамдардың сұрықтарына) жауап бергіңіз келмейді. Өйткені керексіз нəрсеге босқа энергия кетіргіңіз келмейді.

inform.kz
28 қыркүйек 2018 ж. 1 021 0