Күліңіз, қуаныңыз, мақтаныңыз!
Бүгінде арамызда жасы «Алтын кезеңге» (50-ден асқан) жеткендер мен оған жетпегендер бар. Дегенмен төменде айтылғандарды олардың қайсысының болса да оқуы керек.
1. Кейінге деп жинағандарды пайдаланатын уақыт жетті. Оларды жаратып рахаттаныңыз. Оны енді қандай еңбекпен тапқаныңыздан түк те хабары жоқ біреулер үшін сақтаудың қажеті жоқ. Әсіресе сіздің жиған-тергеніңізге қатысты үлкен жоспарлар құратын күйеу балаға, қызыңызға немесе басқадай туысыңызға қалдырғаннан өткен жаман нәрсе жоқ.
2. Балаларыңыздың немесе немерелеріңіздің қаржылық жағдайын ойлап, уайымдағанды қойыңыз, ақшаны өзіңіз үшін жаратудан ұялып-қысылмаңыз. Сіз ұзақ жылдар бойы балаларыңызға жағдай жасадыңыз, оларға көп нәрсе үйреттіңіз, баспана бердіңіз. Енді олардың өздері үшін ақша табатын уақыты келді.
3. Саламатты өмір салтын ұстаныңыз, міндетті түрде дене шынықтырыңыз, бірақ өзіңізді шаршатып-қажытпаңыз. Ауырып қалу оңай, ал денсаулықты сақтау қиын. Өзіңізді күтіңіз, дәрігерлерге көрініңіз, ден сау болуы үшін не істеу керектігі жөніндегі ақпараттарды іздеңіз.
4. Ұсақ-түйекке бола уайымдамаңыз. Өйткені сіз өз өміріңізде жақсыны да, жаманды да көп көрдіңіз, өткеннің ауыр жүгіне бүгініңіз бен ертеңіңізге кедергі келтіруге жол бермеңіз. Дәл қазіргі уақыттың рахатын сезіне біліңіз!
5. Жасыңыздың қаншада екеніне қарамастан өмірді сүйіңіз.
6. Өзіңізді іштей де, сырттай да мақтан етіңіз. Өзіңіздің шаштаразыңызға, косметологыңызға, тіс дәрігеріне көрініңіз, өзіңіз жақсы көретін парфюмерияны қолданыңыз. Егер сіз сырттай жинақы, ұқыпты болсаңыз, ішкі дүниеңізде өзіңізге деген құрмет сезімі, қуат туындайды.
7. Әрқашанда соңғы оқиғалардан құлағдар бола жүріңіз. Жаңалықтар бағдарламасын оқыңыз, көріңіз. Өзіңіздің ескі таныстарыңызбен қатынасты үзбеңіз, сіздің жасыңызда бұл өте маңызды.
8. Кей адамдар қартайғанда жайнап шыға келеді, ал кейбіреулер қатыгезденеді. Өмірді соңғы айтылғандармен қатынаста өткізудің қажеті жоқ. Өміріңізді позитивті, өмірге ғашық көңіл-күйдегі адамдар арасында өткізіңіз – сонда өмір қызықты, тартымды бола түседі.
9. Балаларыңызбен немесе немерелеріңізбен бірге тұруға қызығуға ерік бермеңіз. Әрине, өзіңізді сүйетін жақындарыңыздың арасында өмір сүрген жағымды, дегенмен біздің әрқайсымыздың жеке кеңістікке құқымыз бар. Мұндай кеңістік оларға да қажет.
10. Хоббилеріңізден бас тартпаңыз. Хобби жоқ болса, өзіңізге сондай әдет табыңыз.
11. Күліңіз. Орайы келген жерде үнемі күліп жүріңіз. Өмірде жолыңыз болғанын есте ұстаңыз: сізге ұзақ өмір сүру бақыты бұйырды. Көп адамдар мұндай жасқа дейін өмір сүре алмайды, ал сізге мұндай мүмкіндік тиді. Сондықтан қуаныңыз! Кез келген жағдайдың күлкі шақыратын жағын іздеп тұрыңыз.
12. Өзіңіз туралы өзгелердің не айтатынына, әсіресе не ойлауы мүмкін екеніне бас қатырмаңыз. Олар оны бәрібір де жасайды, ал сіз өзіңізді, өз өміріңізді мақтан тұтыңыз. Өзгелер айта берсін, ол сізді еш толғандырмауы тиіс. Өйткені олар сіздің қандай қиындықтардан өткеніңізді білмейді, сіздің білетініңізді білмейді.
Қысқасы, сіз үшін тыныштық пен бақыттан рахат табатын кезең келді, өмірдің нашар тұрмыс кешуге қысқалық ететінін ұмытпаңыз!
(Әлеуметтік желідегі әңгіме).
Zamana.kz