Ата-енені сыйламаса не болады?
Ата-енелерін жек көріп, жыны қозып шай беретін, құрметтемейтін, сөз қайтаратын, сыйламайтын келіндер, айтпады демеңіздер, қазір тікірейіп жүрсеңіздер, кейін осының зардабын тартасыздар.
Ата-енелеріңіз қандай жаман адам болса да, құрметтеу маңызды. Надандық деңгейіндегі адамдар болса (ішу, былапыт сөз айту, ғайбат сөйлеу, т.б.) сізге бір нәрсені былай істеме, былай істе десе, ал ол дұрыс болмаса істемей-ақ қойыңыз, бірақ келісіңіз, үндемеңіз, құрметтеңіз. Әйтпесе біраз жылдан соң ұрпағыңыз сізге сұрқиялығыңызды қайтарады.
Ата-енеңіз сіздің ойыңызша «оңбаған» адамдар болса, сіз де сондайсыз. Сіз де сол деңгейдесіз. Себебі бұл – өмір заңы. Сіз қандайсыз, өміріңіз де дәл сондай, таным деңгейі өзіңізбен тең адам жолығады. Сізге кездескен жанның бәрі – ұстаз. Өзіңізді бұл өмірде шәкірт, оқушы ретінде қабылдай алсаңыз ғана, өзіңізге берілген сынақтардың себептерін ұғып, шапағатын аласыз.
Ата-енеңіз сіздің күйеуіңізді өмірге алып келген жандар. Олар – Жаратушының өкілдері. Сіз сонда Құдайға қарсы шығасыз ба? Сіз сонда өзіңізді Құдайдан жоғары қоясыз ба?
Ата-енеңізді құрметтеңіз! Қызмет етіңіз. Кір-қоңын жуып, шомылдырыңыз. Махаббатпен шай беріңіз. Ұйықтап жатса, үстіне көрпе жабуды ұмытпаңыз! Жақсы көріңіз.
Қысқасы, өз ұрпағыңыздың ата-әжелерін жақтырмау арқылы, оларға өлім тілеу арқылы сіз өзіңіздің тағдырыңызды талқандап жатырсыз. Бала-шағаңыздың өмірін қысқартумен айналыспаңыз.
Ж. БАЙСЕМІЗОВА.
Zamana.kz