Өмірдегі ең қорқынышты сөз
Сіз үшін ең қорқынышты сөз қандай? Мүмкін, соғыс? Мүмкін, жалғыздық? Ол да дұрыс. Бірақ қазіргі кезде ең қорқынышты сөз – «кейін». Себебі ол сіздің өміріңізді босқа құртады, жүнді нәрселерді күйедей күйдіреді. Үй шаруасындағы әйелдер істі кейінге қалдырса, не боларын жақсы біледі. Айталық, үстелге төгіліп қалған сүтті сол сәтте сүртіп алмай, кейінге қалдырса не болады? «Кейін» – мәңгілікке кейінге қалдырылған өмір. – Ауруханаға кейін барамын. – Балаларыммен кейін де қыдыра беремін. – Өзіме содан соң қараймын. Бірақ «кейін» ешқашан келмейді... Дәл қазір айнаның алдына барыңыз. Өзіңізге мұқият қараңыз. Сіздің өз арманыңыз, өз қалауыңыз бар. Оны кейінге қалдырсаңыз, екі, бес, он жылдан кейін керегі болмай қалады. Дәл қалап тұрған шағыңызда креслода кітап оқып жатып ішкен сүтке бал мен даршын (корица) қоссаң, қалай болады? Сіздің арманыңыз бұзылып кетеді, қанық түстері солғын тартып, хош иісі көк саси бастайды. Сізде оны қоқысқа тастаудан басқа ештеңе қалмайды. Дәл қазір «кейін» түсінігін «қазір» сөзіне алмастырыңыз. Бұл сөзді тіліңіз үйреншікті түрде айтып қалса да, дереу өзіңізді тоқтатыңыз. Ол сөзді ұстап қалып, бұл әрекетті қазір де орындай алатыныңызды ескеріңіз. Күшіңіз бен уақытыңызды өмірді жақсы жағына бұруға арнаңыз.
Massaget.kz
Massaget.kz