Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЛАЙЫМНЫҢ БАЛ ТАТЫҒАН КЕСПЕСІ

БАЛАЙЫМНЫҢ БАЛ ТАТЫҒАН КЕСПЕСІ

Аудандық газеттің жұмысы газет шығатын күні қызады. Ол уақытта «Өскен өңір» аптасына үш мәрте (дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері, 1969-1975 жылдар) шығатын. Газеттің басында көбінесе жауапты хатшы, кезекші жүретін. Бүгін кезекші – редактордың орынбасары Қанапия Дәрібаев еді. Күнделікті қарбалас тірлік. Әне-міне дегенше түскі астың уақыты болып қалды. Дәл қасымызда асхана бар. Бірақ Қанекең бізді оған жібермеді.
– Асханаға барсаңдар шөлдеп сыра ішіп қоюларың мүмкін. Сыра бас айналдырады. Бүгін газет шығатыны естеріңде болсын, – деді.
Амал жоқ еріп үйіне келдік. Корректор Қуаныш Уәлшерұлы да бізге ілесті.
Балайым апай аспаз секілді киініп алып, ас әзірлеуге белсене кірісіпті.
– Ал жайғаса беріңдер, 20-25 минутта дайын болады, – деді.
– Е-онда мен көз шырымын ала қояйын, – деп Қанекең оқып отырған газетін бетіне ­жауып шалқасынан жата кетті. «20 минуттық ұйқы қайбір демалыс болады» деп біз газетімізді оқи бердік.
«Тамақ дайын, қол жуып, дастарханға отыра қалыңдар» деген апайдың даусы орнымыздан дүр көтерді. Қанекең бізден бұрын тұрыпты. Екі беті қызарып, кәдімгідей демалыпты. Не деген жүйке, бар-жоғы 20 минутта ширығып қалған...
Бәкеңнің бал татыған кеспе көжесін бұл бірінші рет емес ішуіміз. Тіпті, қанша ішкеніміз есімізде жоқ. Ол кісілердің пәтері баспаханаға жақын жерде болатын. Қанекең де аңқылдаған адам. Түскі үзілістің кезінде «кеттік», «кеттік» деп болмай үйіне ерте кететін. Барғанымызға Балайым апай да қуанып қалушы еді. Шағын екі бөлмелі пәтер іші қай кезде барсаң да қонақтан босамайтын. Сол тәттілігі тіл үйірген кеспенің тіл үйірген дәмі әлі күнге таңдайымызда тұр...

Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ
06 қазан 2026 ж. 30 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031