Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СУЫРДЫҢ ҚЫЗ ҰЗАТУЫ

СУЫРДЫҢ ҚЫЗ ҰЗАТУЫ

Ел арасында «Суырдың қыз ұзатуы» деген ғажап әңгіменің бар. Суыр деген мақұлық жанұясымен ымырада өмір сүргенді қалайтын сүтқоректілердің ішіндегі бір ерекшесі. Қазақстанның орманды даласында, шөлді-шөлейт жерлерде, таулы аймақтарда кездеседі, 15-20 жылдай өмір сүреді, тіршілігінің 6 айын ұйқыда өткізеді, терісі аса бағалы, жылына 4-5 күшік туады. Олардың алтай суыры, дала суыры, аляска суыры, қызыл суыр, бурыл суыр, қызыл суыр, орман суыры, гималай суыры, т.б. түрлері бар. Ең бастысы, байырғы қазақ тиын текті осы мақұлықты киелі санайтын, қолдан келгенше өлтірмеуге тырысады. Сонымен, әңгімемнің әуселесіне көшейік. Бір жылы аңға шыққан аңсақ саятшы далада бетін басып жылап тұрған суырдың күшігін көріпті. Не жағдай екенін білгісі келіп жақындап келсе, ол ізіне ерітіп ала жөнеліпті. Табиғаттың тынысына құлақ қойған ел емеспіз бе, аңшы суырдың баласының ізіне еріп отырыпты. Сөйтсе суырдың көсемі аңшының құрған қақпанына түсіп қалған екен. Айнала толған суыр, дәрмендері құрып, шарасыздықтан адам сияқты алақандарымен беттерін басып, егіліп жылап тұр екен. Жаны ашыған әлгі аңшы баба суырды босатып жіберіпті. Сол кезде бір ұрғашы суыр зып беріп інге кіріп кетіп, лезде жылтыраған бірдеңе алып шығып, аңшыға ұсыныпты. Өздерінің табаны да адамның алақаны сияқты ғой. Міне, ғажап, аңшыны таңтамаша қалдырған нәрсе, қаншық суырдың ін түбінен алып шыққаны қой асығындай алтын екен. Адамнан зият мақұлық көсемін құтқарған адамға алғыс айтқаны екен ғой. Осы уақиға кейінгіге көзімен көрген аңсақтар арқылы жетіпті. Басқаны білмедім, ет пен сүйектен жаралған пенде атаулы көрген жақсылығы үшін бір-біріне алғыс айтудан ада болған мына заманда, мен суырдың әуелде қыз кейпінде болған мұңлық екеніне сенгім келеді. Сол суырдың қыз ұзату рәсімін көрген де аңшылар болған. Қаз-қатар тұрып ұяластарын қимай сыңсып жылап тұрғанда еркек суыр топ ішінен қалыңдығын қолынан жетектеп алып шығады екен. Содан кейін оны мақұлық аттылардың қатарына қосуға қалай дәтің барады?..

Асылбек БАЯЖУМА
04 тамыз 2025 ж. 27 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (9324)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (9323)

29 шілде 2025 ж.

№55 (9322)

28 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031