Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысы көлемінде аңшылық маусымы жайлы хабарлама

Қызылорда облысы көлемінде аңшылық маусымы жайлы хабарлама





Аң аулау маусымдары ҚР «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Заңына және ҚР АШМ 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығымен бекітілген «Аң аулау қағидаларының» талаптарына сәйкес реттеледі.
Жалпы аң аулаудың екі түрі бар. Олар: кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық), оның ішінде ұлттық аулау да кіреді.
Аң аулау құқығы келесі жағдайларда жеке тұлғаларға берiледi:
1) егер аң аулау атыс қаруы қолданыла отырып жүргiзiлетiн болса, он сегiз жасқа толған азаматтарға;
2) егер аң аулау аңшылық иттер мен аушы жыртқыш құстар қолданыла отырып жүргiзiлетiн болса, он төрт жасқа толған азаматтарға;
3) аңшы куәлігінің болуы;
4) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсатының немесе жолдаманың болуы.
Әуесқойлық (спорттық) аң аулау барысында аңшыда мынадай құжаттар болуы тиіс:
1) аңшы куәлігі;
2) жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат;
3) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары;
4) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде – азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге жеке тұлғаларға берілген рұқсат;
5) аушы жыртқыш құстармен аң аулаған кезде – аушы жыртқыш құстың паспорты болған кезде жүзеге асырылады.
Шетелдіктер үшін Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шарты, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат, жолдама алу, сондай-ақ ішкі істер органдары аңшылық атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге берген қорытынды негізінде туындайды.
Ұжымдық (топтық) кәсіпшілік аң аулау кезінде аңшылық шаруашылығының субъектісі жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамды тағайындайды.
Саятшылық жасау уақытында аңшылық алқаптарда тұрмыстық және кәсіпшілік қалдықтарымен, тастанды заттармен ластамау бойынша тазалық сақтау қажет етіледі.
Аң аулау аяқталғаннан кейiн, аң аулау аралығындағы үзiлiстерде, бiр жерден екiншi жерге көшкен кезде, аңшы аңшылық атыс қаруын оғы алынған күйге келтiріледi.
Мылтық қарудың оқ ұясында және оқшантайында оқ болмаған кезде оғы алынып тасталған болып есептеледi.


Аң аулауды өткізу мерзiмдерi
Жануарлар түрлеріАң аулау мерзiмдерi
Су тышқан (ондатра)1 қазан - 15 ақпан
Кәдiмгi тиiн20 қазан - 15 ақпан
Жанат тектес ит, қарсақ, түлкi, бұлғын, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, американ су күзенi, кәмшат (ортаазиялықтан басқасы),
Сiлеусiн (түркістандықтан басқасы), жанат, қоян (құм қоян, ақ қоян, ор қоян)1 қараша - 15 ақпан (аң аулайтын ит түрлерімен және аушы жыртқыш құстармен қарсақ, түлкі және қоян аулау солтүстiк аймақта** 15 қазаннан бастап аулау)
Зорман (сары тышқан)ұйқыдан шыққаннан бастап - 30 сәуiрге дейін
Суырлар*1 шілдеден бастап ұйқыға жатқанға дейін
Шалшықшылар, жылқышы1 шілдеден бастап 30 қарашаға дейін
Қырғауыл15 қазан - 31 желтоқсан (аң аулайтын иттермен және аушы құстармен 1 қазаннан бастап)
Бөдене, кептер, түркептер20 тамыздан бастап 30 қарашаға дейін (аң аулайтын иттермен және қыран құстармен 15 шілдеден бастап ұшып кеткенге дейін бөдене аулау)
Маймаққаз, қаз*, қарашақаз, үйрек*, қасқалдаққыркүйектің алғашқы сенбісінен бастап 30 қарашаға солтүстік өңірлер бойынша**, 15 желтоқсанға дейін оңтүстік өңірлер бойынша***
Шiл (аққұр, тундралық, сұр, дала шiлi, сақалды шiл), шілқыркүйектің алғашқы сенбісінен - 15 қарашаға дейін (аулайтын иттермен және аушы құстармен 15 тамыздан бастап)
Құрқыркүйектің алғашқы сенбісінен - 30 қарашаға дейін солтүстік аймақтар бойынша**, 15 желтоқсанға дейін оңтүстік аймақтар бойынша***
Қоңыр аю (тянь-шань аюынан басқа)қыркүйектің алғашқы сенбісінен - 30 қараша
Борсыққыркүйектің алғашқы сенбісінен - 31 желтоқсан
Марал, аскания бұғысы, қабан, құдыр, бұлан1 қыркүйек - 31 желтоқсан
Сібір елігі20 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін (аталығына 1 тамыздан бастап)
Сібір тау ешкісі1 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін (аталығына 1 тамыздан бастап)
Саңырау құр1 қазан - 30 қараша
Гималай ұлары, кекiлiк1 қазан - 15 желтоқсан
Құндыз15 қазан - 31 желтоқсан
Ескертпе:
* - Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерден басқа.
** - солтүстік аймақ: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Қарағанды облысының Осакаров, Бұқар жырау, Нұра, Қарқаралы, Абай аудандары, Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Көкпекті, Катонқарағай, Жарма, Ұлан, Абай, Зырян, Глубокое, Шемонаиха, Бородулиха, Бесқарағай аудандары, сондай-ақ Семей және Риддер қалаларының әкімшіліктеріне бағынысты жерлер.
*** - оңтүстік аймақ: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары, Қарағанды облысының Жаңаарқа, Шет, Ақтоғай, Ұлытау аудандары, Шығыс Қазақстан облысының Аягөз, Тарбағатай, Зайсан, Үржар аудандары.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану» туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Заңының 29-бабына өзгерістер енгізіліп, бұл өзгерістермен "Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi ағымдағы жылдың 15 ақпанынан келесі жылдың 15 ақпанына дейінгі кезеңі – ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап келесі жылдың 1 шілдесіне дейінгі кезеңге өзгертілген.
ҚР АШМ 2015 жылғы 27 ақпанындағы № 18-03/157 бұйрығымен бекітілген «Аң аулау қағидаларының» 11-қосымшасына сәйкес, суыр аңдарын аулау 15 маусымнан ұйқыға жатқанға дейін деп белгіленген.
Осы орайда, жануарлар дүниесін алып қою лимиттерін бекіту мерзімі өзгеруіне байланысты, суыр аңдарын аулау мерзімі 1 шілдеден бастап ұйқыға жатқанға дейін болып белгіленеді.
Алайда, Қызылорда облысы көлемінде аңшылық шаруашылығы субъектілерімен суыр аңдарын аулауға өтінімдер берілмегендіктен, Қызылорда облысы бойынша суыр аңдарын аулауға лимиттер бекітілмейді.

Холов Олжабек Амантаевич
Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар
дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы
анықтамалық телефоны: 8(7242) 23-50-87





14 тамыз 2019 ж. 1 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930