«САН РЕТ ТОПТЫ ЖАРЫП ЖАУҒА ШАПТЫМ...»
Осылайша жыр жазып, алты қала мен екі республиканы азат етуге қатысқан, І және ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденін, 8 әскери медальді төсіне тағып, елге жеңіспен оралған шиелілік майдангер Арыс Мизамбаев туралы не білеміз?Арыс Айсалыұлы Мизамбаев майданға 1942 жылы аттаныпты. Соғысқа дейін сауда саласында жұмыс істеген. Арыстарды алдымен Шолаққорғанға әкеліп үш ай дайындықтан өткізеді. Сосын Орталық майдан құрамында Смоленск қаласын азат етуге аттанады...
Смоленск қаласын 1941 жылдың 11 шілдесінде немістің 39-шы мотокорпусы басып алған болатын. Жау әскері Витебск маңындағы әлі күшейіп үлгермеген 19-шы әскердің қорғанысын бұзып, 13 шілде күні Демидов, Духовщина және Смоленск-Москва бағытында шабуылдауды бастаған еді. 1941 жылдың 28 шілдесіне қарай кеңес әскерлері Смоленскіні тастап кетуге мәжбүр болған. Енді міне, 1943 жылы қыркүйекте Орталық майдан құрамаларының жауынгерлері 10 -гвардиялық армия қатарында, басқа құрамалармен бірге Смоленскіні неміс фашистерінен азат етті. Арыстың ротасы да бұл іске өз үлестерін қосты. Әскери жарғыға сай, командир болмаған (қайтыс болған немесе жараланған) жағдайда кез келген жауынгерлердің әріптестерін ұрысқа бастауға қақысы бар. Ұрысқа дайындық кезінде жарғыны жете меңгерген Арыс солай жасады да. Ерлікке бара бар әрекеті нәтижесіз болмады, жау жеңілді. Қиын шақта қол бастағаны үшін қатардағы жауынгер Арыс Айсалыұлы Мизамбаев І-дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен марапатталды. Бұл оның алғашқы наградасы еді. Алғаш соғысқа қатысуы да осы болатын.
Украина жерін азат етуде 57 мың украиндық ерлікпен қаза тапты. Ерлік көрсеткен 169 қазақстандық «Кеңестер Одағының батыры» атағына ие болды. Он мыңдай жауынгер ордендермен, медальдармен марапатталды. Cолардың қатарында қазақстандық – шиелілік жауынгер Арыс Айсалыұлы Мизамбаев та бар еді.
Мұнан соң ол Неваль, Даугава, Шауляй, Войнеда, Городок қалаларын, Румыния жерін азат етуге қатысты. Жеңісті Румынияда қарсы алды.
Біздің жерлесіміз Арыс Мизамбаевпен қан майданда бірге болған Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов өзі көзімен көрген оның ерлігін газетке жазған екен. Мақала – «Cоңғы ұрыстарда» деп аталады. Шиелі аудандық «Стахановшы» (қазіргі «Өскен өңір») газетінде 1942 жылы жарияланыпты. Мақаланы сол қалпында жариялауды жөн көрдім.
«CОҢҒЫ ҰРЫСТАРДА»
Сан рет топты жарып жауға шаптым,
Найзамды сегіз қырлы жарқылдаттым.
Ішінде биік ордың қарсы келіп,
Немістің офицерін көздеп аттым.
Арыстың бұл өлеңін ротадағы қазақ жауынгерлері тегіс біледі. Бұл өлеңді Арыс осы соңғы ұрыстардың бірінде шығарған болатын. Неміс офицерін де ол осы соңғы ұрыста Д. қаласының ішінде атып өлтірді.
Д. қаласында немістер қатты қарсылық жасады. Жау әрбір үйде бекініс жасап, біздің әскерлерді жібермеуге тырысты.
Арыстың ротасына қойылған сол күнгі тапсырма – қаланың бас көшесіне кіріп, көшені немістерден тазарту болатын.
Рота атакаға көтерілгенде жауынгер Арыс Мизамбаев шабуылшылардың ең алдыңғы қатарында кетіп бара жатты. Оң жақтағы шеткері тұрған көк үйдің шатырынан оқ шабуылшылардың жолын бөгеп тастады. Бұл кезде Мизамбаев үйдің жанына 10 метр ғана қалған болатын. Ол істің қиынға айналып бара жатқанын тез түсінді де, беліндегі үлкен гранатын шешіп алып үйдің шатырына лақтырды. Шатыр ағаш тақтай аспанға көтеріліп барып, жерге түсті. Пулеметтің үні өшті.
Рота жауынгерлері тағы да ілгері ұмтылды. Кеудесін ыза кернеп, ашуға әбден мініп алған Арыс қарғып, үйдің алдындағы орға бірінші болып түсті. Арыстың болат найзасы орды бойлап қашып бара жатқан фрицтердің соңғысына қалай қадалғанын ол өзі де сезбей қалды. Фрицтің саудасын бітіріп, Арыс тағы ілгері ұмтылды. Ордың бұрмасынан неміс офицері одыраңдап жүгіріп келеді екен.
Найзалауға құлаш жетер жер болмағандықтан Арыс офицерді нысанаға алып, мылтықтың шаппасын (шүріппесін. Нақтылаған С.Б.) тартып қалды. Бұл оқиға көз ілескенше жылдам өткендігі сондай, офицер қолына ұстап келе жатқан парабелін (атыс қаруы- пистолеттің бір түрі.Анықтаған С.Б.) көздеуге де шамасы келмеді. Офицер өкіре барып құлады.
Кешегі теміржолшы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туып өскен Арыс Мизамбаев – бүгінгі жеңіс жауынгері, неміс жерінде дұшпанды осылай жайратты.
Әзілхан Нұршайхов.
Майдандағы армия».
Бас қолбасшының 7 мәрте алғыс хатын иеленген Арыс Мизамбаев І және ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденін, 8 әскери медальді төсіне тағып, Шиеліге жеңіспен оралады. Келгесін бұрынғы қызметін қайта жалғастырып, ұзақ жыл кооперативтік сауда саласында жемісті еңбек етеді. 2 ұл, 4 қыз өсіріп, тәрбиеледі. Үлкен ұлы Шәмшідин аудан шаруашылықтарында зоотехник, аудандық астық тарату базасында технолог қызметін атқарды. Кенже ұлы Бақытжан Мизамбаев Қызылорда пединститутын бітіріп мұғалім, кейін «Гигант» орта мектебінде директор болды. Майдангердің 40-қа тарта немересі мен шөбересі ержүрек аталарының ерлігін мақтан тұтып, жыл сайын аруағына дұға бағыштап, ас беруді дәстүрге айналдырған...
«Ер де, ерлік те ұмытылмайды» дейді халық даналығы. Әрине, артында іздеушісі болса, әрдайым жас ұрпақтың жадына салып отырса, ұмытылмайды. Ел есінде қалдырудың тағы бір жолы – ел қорғаған осындай батырлардың есімін көшелерге, мәдени-ағарту орындарына қою. І және ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордені мен 8 әскери медальдің иегері, қиын кезде ротасын жауға қарсы көтерген Арыс Айсалыұлы Мизамбаевтың есімі ескерусіз қалмаса екен дейміз.
Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ,
Қазақстанның Құрметті
журналисі.
АЛМАТЫ.