16 жастағы қыздар аутизммен ауыратын балаларға арналған платформа жасап шықты
«Auti-Trast» қосымшасының ең басты ерекшелігі қандай?
Жания, аутизммен ауыратын балаларға арналған қосымша жасау идеясы қайдан келді?
Жалпы біз қыздармен бірге Technovation сайысына қатысқан болатынбыз. Сайыстың мақсаты мобильді қосымша жасау болғандықтан, біз түрлі идеяларды дамыта бастадық.
Мен қазақ балаларындағы аутизм мәселесін талдауға ұсыныс жасадым. Себебі, менің туысқан інілерімнен осындай ерекшелік кездескен болатын. Осы кезде мен адамдардың аутизм туралы аз білетінін, оған қоса біле тұрып бұл ерекшелікке көз жұма қарайтынын көрдім. Қазақстандағы аутизм статистикаларына қарағаннан кейін біз таңғалдық, ресми түрдегі адам саны шын өмірден басқа болып шықты.
Осыдан кейін біз қосымшалар нарығын, аутизмге шалдыққандарға көрсетілетін көмектің барлық түрлерін зерттедік. Сондықтан біз ТМД елдерінде (әсіресе, Қазақстанда) «ерекше балаларға» арналған трекер қосымшасын құру идеясын ойлап таптық. Солайша тобымызбен бірге осы идеяға келісіп, қосымшаны жасауға кірістік.
«Auti-Trast» аутизммен ауыратын балаларға арналған Қазақстандағы алғашқы мобильді қосымша ма?
Жоқ, әртүрлі аналогтар және ұқсас қосымшалар бар, бірақ олар шетелдік платформада. Біздің қосымшаның ерекшелігі – бізде ата-аналардың өзара сөйлесуіне арналған чат болуы және қосымшаның қазақ тілінде жұмыс істеуі.
«Оларға ақпаратты суреттер арқылы қабылдау оңайырақ»
Қосымша қандай форматта жұмыс істейді?
Бұл мәселені шешу үшін біз жеке күнделікті кестесі бар визуалды трекер ұсындық. Аутизммен ауыратын балалар, әдетте, ақпаратты қабылдауға арналған дамыған көрнекі каналға ие және оларға ақпаратты суреттер арқылы қабылдау оңайырақ.
Бұл қосымша балалар мен ата-аналарға қолжетімді болады. Ата-ана баласына күнделікті кесте құра алады. Біздің қосымшада ата-аналар мен балалар суреттерді жүктей алады, сипаттама қосып, тапсырманың орындалғанын белгілей алады. Балаға телефон арқылы ағымдағы іс-әрекет туралы еске салғыш келеді.
Қосымшада «ерекше балаларды» оқыту қалай жүреді?
Аутизммен ауыратын балалар мен олардың ата-аналары мобильді қосымша арқылы қалай жұмыс істейді?
Ата-аналар баланың күн кестесін суреттер арқылы құрайды, ал бала кестеге қарап тапсырмаларды орындайды.
Біз ата-аналарға қағаз, маркер, уақыт сияқты көптеген ресурстарды пайдаланбай, оны өздігінен толтыруға мүмкіндік беретін кесте жасадық. Олар жай ғана қосымшаға кіріп, кестеге өтіп, баланың визуалды қабылдауына сипаттама, күні, уақыты және суреті бар әрекетті қосу мүмкіндігіне ие. Ал бала өз кезегінде, ата-анасының тіркелген аккаунтына кіріп, осы әрекеттерді, тапсырмаларды көруге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, балалар қосымшада бар күннің жалпы кестесін орындайды. Қосымшада кестеден басқа ата-аналарға арналған чат бар, онда олар балалардың дамуын талқылай алады.
«Біз қазақ тілінде қызмет көрсететін қосымша жасақтай алғанымызды мақтан тұтамыз»
Қосымша қандай тілдерде қызмет көрсетеді?
Ағылшынша, орысша және қазақша қызмет көрсетеді. Біз елімізде кең тараған үш тілді арнайы таңдап алдық. Бастысы, қазақ тілінде жұмыс жасайтын қосымша жасақтау қолымыздан келгеніне қуанамыз. Бұл «ерекше балаларға» қазақ тілінде қызмет көрсететін алғашқы қосымша.
«Біз қосымшаны платформаларға жүктеу үшін демеуші іздеп жүрміз»
«Auti-Trast» пайдаланушылары көбейді ме? Қосымшаның таныстырылымы қалай жүріп жатыр?
Қазір біз қосымшаны платформаларға жүктеудеміз. Ол үшін біз демеуші іздеп жүрміз. Демеушілердің көмегімен біз қосымшаны платформаларға жүктеп, адамдардың қолдануларына береміз. Бірақ қосымшаның толық жүктелмегеніне қарамастан, оны қолданғысы келетін адамдардың саны аз емес.
Бұл қосымшадан материалдық пайда түсіп жатыр ма? Естуімізше, түскен пайданы қайырымдылық қорына аударады екенсіңдер.
Әлі түсіп жатқан жоқ, қазір инстаграм парақшасы арқылы тек тегін сабақтар ғана жүргізіледі. Ол сабақтар мұғалімнен көмек сұраған адамдардың санына байланысты. Егер бір маман тегін көмек жасауға келіссе, мен соған сәйкес көмек сұраған ата-анаға жазып, оларды өзара байланыстырамын. Дегенмен, тегін көмек көрсететін мамандардың саны өте аз.
Өзің қай қалада тұрасың? Қай мектепте, нешінші сыныпта оқисың?
Бұл қосымшаны біз бірге топтасып программалау және кәсіпкерлік сайыста жасадық. Топта менен басқа Камилия, Жұлдыз, Аделя және Жазира атты құрбыларым бар. Бәріміз Нұр-Сұлтан қаласында тұрамыз. Astana Garden School мектебінде 11 сыныпта оқимыз.
Мобильді қосымша жасау сынды күрделі функцияларды қайдан үйреніп жүрсіңдер?
Топта қыздармен бірге бар қабілетімізді қолданып үйрендік, оған қоса бізде менторлар бар. Ең бастысы – топтың жұмысы, бір-бірімізге көрсеткен қолдауымыз болды. Біріміз дизайнмен жұмыс жасасақ, екіншіміз функцияларға жауапты болдық. Әрқайсымыз өзіміздің түрлі қабілеттерімізді қолданып, бір-бірімізге үйретіп, бір идеяға бар жанымызды салдық. Коммуникация арқылы ғана барлық күрделі жұмысты нағыз жобаға айналдырдық.
Камилия күрделі функциялармен жұмыс істесе, Жазира мен Аделя дизайнда, Жұлдыз маркетте және мен идеяның, қосымшаның таралуында жұмыс істедік. Менторларымыз күрделі функция құрауда білімдерімен бөлісіп, бізді Thunkable платформасында жұмыс істеуге үйретті. Бар жұмысты мектептен тыс, өз бетімізбен үйреніп жүріп жүзеге асырдық.
Алдағы жоспарларың қандай? Қандай мамандық иесі болғыларың келеді?
Барлығымыздың бағыттарымыз әртүрлі. Бұл жоба бойынша біз қосымшаны дамытып жүктеу үшін бәрін жасап, әрі қарай жүргізуге талпынамыз. Оған қоса мен инстаграм парақшаны адамдарды ақпараттандыру үшін қолданудамын.
Шетел университеттеріне түсіп оқығымыз келеді – жоспарымыз сол. Біз экономика, қоршаған орта саласы, биомедициналық инженерия, медиа маркетинг, псиxология және арxитектура салаларына баруды жоспарлап отырмыз.