Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Пробел неге ұзын?

Пробел неге ұзын?


Ғаламтор бетін торлап, жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған әлеуметтік желіге бас сұқпайтын жастар аз. Ақпараттық технологияның қарыштап дамып жатқан кезеңінде заман легінен қалып қалмас үшін тек жаңа дүниеге ұмтылу құп нәрсе. Заманауи жаңалықтар, өзгерістерде қашан да креатив болары сөзсіз. Олай болса, кейінгі жастардың ортасында талқыға салынбаса да, кез келген пернетақтаны жиі қолданатын комьпютер тұтынушысының көкейінде жүретін мәселені қарастырып көрейік. Пробел неге ұзын?
Бұл сұрақтың ең ұтымды жауабы мынау: пробел әр сөздің арасын ажырататындықтан ең жиі қолданылатын тетік есебінде. Сол себепті, пробел ыңғайлылық үшін пернетақтаның ортаңғы бөлігіне орналастырылған. Оны әр кез іздеп отырмас үшін көлемі де үлкейтілген. Пробелдің ішкі бөлігіне ұзын жіңішке темір орналастырылады. Оның қызметі, пробелді қай тұстан бассаң да бірдей қозғалыс болу үшін, яғни көлеміне сай шеткі бұрышынан басқан жағдайда тек шеті басылып қолайсыздық тудырмас үшін, әріптерді теру кезіндегі жылдамдықты бәсеңдетпеу үшін жасалған. Бұндай жіңішке темір пернетақтада тек екі тетікке ғана қойылады. Екіншісі – shift. Пробел мәтін жазу кезінде екі сөздің арасын ажыратудан бөлек түрлі бағдарламаларда бірнеше қызмет атқарады. Мысалы, ғаламтор браузерлерінде тұтынушы пробелді басу арқылы бетті төменге жылжытады. Ал, видео көруге арналған, монтаждық бағдарламаларда тоқтату пәрменін орындайды. Ойын ойнауға арналған бағдарламаларда көбіне жылдамдықты арттыратын қосымша күш немесе секіру бұйрықтарын орындайды.

Massaget.kz
08 наурыз 2018 ж. 954 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930