ӨСКЕНБАЙДЫҢ ӨНЕГЕЛІ ІСІ
Саналы ғұмырын мәдениет саласына арнап келе жатқан ҚР мәдениет қайраткері, халықаралық Ата Түрік алтын медалінің иегері, профессор Өскенбай Тәшенов туралы сөз қозғағанда оның әсіресе, ерлікке тән үш қажырлы еңбегіне тоқталған абзал.Соның бірі – ол басқарған Шиелі аудандық мәдениет бөлімі жанынан құрылған «Жас дәурен» ансамблінің Португалияда өткен халықаралық фестивальға қатысуы. Айтпақшы, «Жас дәурен» ансамблінің бұл өнер сапарына биыл 30 жыл толып отыр. Аудан өмірінде ерекше тарихи оқиға болған сол өнер сапары жайында өз аузынан естігенді жөн көріп, бүгінде 70 жастың желкенін керіп, желпініп тұрған Өскенбай ақсақалды әңгімеге тартық.
– Сапар неден басталды? Не нәрсе себеп болды? Әлемдік мәні бар мәдени сапардың сәті қалай түсті?
– Ол өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басқы кезі ғой. Сол уақыттағы облыстық партия комитетінің бірінші секретары Сейілбек Шаухамановтың (марқұмға Алладан рахмет болсын) жәрдем-көмегі көп болды. Тікелей өзі қолына алды. Шиеліге жасаған іс-сапарында аудан өнерпаздарымен дидарласты. Облыстық кеңестің депутаты атақты әнші Əлмырза Ноғайбаев облыс басшысына ауданда бірінші хатшы болған қезінде Шиелі өнерпаздарын республика ғана емес, шетелге таныту міндетін алға қойғанын есіне салып, енді міне, Португалияға бару мүмкіндігі туған кезде қаржылай көмек қажеттігін алға тартты. Көп ұзамай аймақ басшысы М.Ахметжановты, К.В.Хванды, облыстық мəдениет басқармасының бастығы А. Жұматаевты, облыстық тұтынушылар одағының басқарма төрағасы Ж. Сарбалақовты, облыстық қаржы басқармасының бастығы Қ.Əжібековті осы игілікті шараға жұмылдырды. Кешікпей Д.Айсина, А.Жұматаев, Мен, Ə.Ноғайбаев, Ə.Оспанов сол уақыттағы астана – Алматыға жол тарттық.

Республикалық шығармашылық орталығының директоры Ж. Жүнісбаевтың қабылдауында отырғанымызда, Қазақстан мəдениет министрі М.Ахметова мен С.Шаухамановтың Португалия сапары жайында мәселені біздің пайдамызға шешкенін естіп қуандық. Жағымды жаңалықты орталық директоры министрдің өз аузынан естіп келіп бізге жеткізді. Қызу дайындыққа кірістік. Республика тұтынушылар одағы төрағасының орынбасары В.Балинге кіріп, киімдерге мата, бас, аяққа құндыз терілер, бижутериялар, басқа да, лимитпен берілетін заттарға рұқсат алдық.
Киімдер Темірбек Жүргенов атындағы өнер кафедрасының меңгерушісі, профессор Д.Сүлеевтің эскизі бойынша Қазақ театр қоғамының шеберханасында тігілді. Фольклорлық аспаптарды жерлесіміз С.Ділмановтың шеберханасы жасады.
Домбыра, қобыз, жетіген, шертер, сазсырнай, шылдырмақ, шаңқобыз, кепшік, үлкен дауылпаз, кіші дауылпаз, мүйіз, бас домбыра аспаптары әсем де сазды, үні анық шығатын болып жасалды....
– Дайындық қашан аяқталып, сапар қашан басталды?
– Сол жылғы мамыр айында басталған дайындық,тамыз айына дейін жалғасты. Шілденің 28-і күні фестивальға дайындалған бағдарламаның тұсауы кесілді. 29-ы күні аудандық партия комитетінде қабылдау болып, сапарымызға сəттілік тіледі.

1 тамызда 17-ші «Фрунзе-Москва» пойызымен Мәскеуге аттандық. Қызылорда, Тереңөзек, Жалағаш, Жосалы, Қазалы, Арал стацияларында мəдениет бөлімінің меңгерушілері бастаған өнерпаздар ақ жол тілеп, гүлдестелерін сыйлап, аста-төк дəмді тағамдарын сыйлап жатты.
Үш тəулікте Мәскеуге жетіп, Домадедова әуежайынан Лисобонға бес жарым сағат ұштық. Воладареж қаласынан тамаша жәй бұйырды.
– Содан фестиваль шеруі басталды ғой...
– Басталғанда қандай...
– Басталғанда қандай...
– Жалпы шиеліліктерге деген құрмет қалай болды?
– Керемет құрмет көрсетілді. Әлемнің әр түкпірінен қатысқан 47 мемлекеттің шеруін бастау құрметі бізге тиді. Кең стадионда өткен салтанатты шеруде, мыңдаған көрермен тік тұрып, шапалақты аямай соқты. Шиеліліктермен суретке түсушілердің қарасы өте көп болды. Португалия телеарналарының бəрі бізді жарнамалап жатты.

Ансамбльдің 36 өнерпазының ойнайтын аспаптары да, киген киімдері де, 8 түрлі бидің бишілерінің киімдері де бір-біріне ұқсамайтын етіп дайындалған-ды. Осынысымен де ансамбль ерекше қошеметке ие болды. Оның бер жағында тынбай еңбектену, іздену, намыс-жігерді жану, бәрі-бәрі жетістікке қол жеткізуге септігін тигізді.
– Көрермен ықыласы ерекше болды десеңізші?
– Әлбетте, солай болды. Көрерменнен сұраныс көп түскендіктен тəулігіне 3 мәрте концерт қойған кездеріміз аз болған жоқ. Концерттік бағдарламадағы «Келіншек», «Қоштасу», «Балбырауын», «Аңшының биі», «Алқа-Қотан», «Бүркітші» билерімен қатар, Қазақ КСР-нің халық əртісі Д.Əбіров дайындаған араб, испан билері португалиялықтарды барынша тәнті етіп, дүркін-дүркін қол соғуға мәжбүр етті.

Алматыдан шақырылған музыка мамандары С.Нұртазин, С.Сейітқалиұлы, ансамбльдің мүшелері Ə.Ноғайбаев, ағайынды Əшімхан мен Əлімхан Оспановтар, Б.Қоңқабаев, Қ.Бекпейісов, М.Досжанов, С.Рүстемов, С.Жұманазаров, Р.Құдайбергенов, Т.Мірайдарова, Н.Əйімбетова, Е.Қалымбетова, А.Жүрсінова, Т.Шəймерденов, Г.Тұрғанбекова, бишілер Г.Тəшенова, Д.Оразова, Г.Омарова, Ұ.Шарбатова, Ж.Күзенбаевалар да аянып қалмады.
– Португалия Еуропаның батыс түкпірінде орын тепкен, Пиреней түбегінің оңтүстік батысын алып жатқан мемлекет қой. Шығысы мен солтүстігінде Испаниямен шектеседі. Оңтүстігі мен батысы Атлант мұхитына малынып жатыр. Табиғаты тамаша. Ол жерде қанша уақыт болдыңыздар?
– Бір ай бойы осы тамаша өлкеде өнер көрсеттік. Португалияның бар қаласын араладық, Атлант мұхитына суға түстік, Еуропа елінің тыныс-тіршілігімен таныстық. Талай қызықты шақтарды, оқиғаларды бастан өткіздік. Оларды айтудың да өз кезегі келер... Тамыздың 27-сі күні 18-ші «Мәскеу-Фрунзе» пойызыімен елге қайттық. 1990 жылдың тамыз айында «Жас Дəурен» əн-би ансамблінің Кеңес Одағының атынан Португалияда өткен халықаралық фольклорлық-этнографиялық фестивальға қатысуы аудан ғана емес, қазақ ұлттық өнерінің шыққан шыңы болды десек, асыра айтқандық емес. 47 шет ел мемлекетінен келген өкілдер қазақтың ұлттық өнерімен, дәстүрімен, киімімен жан-жақты танысты. Қайнарынан сусындады. Бұл аудан тарихында есте қаларлықтай ерекше оқиға болып қалды...

Біз ҚР мәдениет қайраткері Өскенбай Тәшенов басқарған аудандық мәдениет бөлімі «Жас Дəурен» əн-би ансамблінің елдің есінде қалған, аудан өнерінің өркендеуіне жол ашқан бір ғана сапарын сөз еттік. Аудандық өнер ұжымы халық таланттары тайталасқан талай байқауда бақ сынады. Айталық аудан өнерпаздарынан құрылған театр Қарағанды қаласында өткен республикалық театрлар байқауында бас жүлдені жеңіп алып, «Халық театры» атағын иеленді. Сөйтіп Кремль сарайына жолдама алды. Көп ұзамай КСРО тарап кетіп, бұл сапар мәресіне жетпей қалды.
Өскенбай Тәшенов Шиелі аудандық өлкетану, Ыбырай Жақаев және Нартай Бекежанов мұражайларын ашуда үлкен ұйымдастыру шараларын жүзеге асырып, зор белсенділік танытты.
Мәдениет қайраткерінің өнер саласындағы қалтқысыз қызметі мұнымен бітпейді. Ол 2000-жылы ашылған Түркістан қаласы драма театрының алғашқы директоры болды. Театрды ашуға мұрындық болған Қазақстанның халық əртісі Райымбек Сейтметовпен (театрдың көркемдік жетекшісі) жұмысты қоян қолтық араласып, бірге атқарды. 2001 жылдың қыркүйек айында Елбасы Н.Назарбаев театрға арнайы келіп, «Көк Түріктер» спектаклін тамашалап, ризашылығын білдіріп, «Ықылас гүлін» сыйлады.
Кейіпкердің мөлтек өмірбаяны
Өскенбай Ташенов 1950 жылы қасиетті Түркістанда өмірге келген. 1973 – 2013 жылдары Қызылорда облыстык Халық шығармашылығы үйінің аға методисі, Тереңөзек аудандык партия комитетінің нұсқаушысы, Шиелі аудандық Мәдениет үйінің директоры, Шиелі аудандық кеңесі атқару комитетінің ұйымдастыру-нұсқау бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, Шиелі аудандык мәдениет бөлімінің менгерушісі, Алматы облыстық әкімдігінде бөлім меңгерушісінің орынбасары, Түркістан қалалық драма театрынын директоры, Ордабасы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі, тағы да басқа жауапты қызмет атқарды. 1980-1985 жылдары аралығында екі мәрте аудандык кеңестің депутаты болып сайланған. Ол ұзақ жыл басқарған Шиелі аудандық мәдениет бөліміне қарасты 1 Халық театры, 7 халықтық атағы бар өнер ұжымы жұмыс істейді.

Өскенбай Ташенов бұл күндері әсем Алматы төңірегінде көркем қала – Қаскелеңде ғұмыр кешуде. Мәдениет майталманы қол қусырып отырған жоқ, зейнеткер әжелерден жасақталған «Әжелер» ансамбліне жетекшілік етеді.
Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Михаил Шолохов» алтын медалі мен «Шиелі ауданының Құрметті
азаматы» төсбелгісінің иегері
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Михаил Шолохов» алтын медалі мен «Шиелі ауданының Құрметті
азаматы» төсбелгісінің иегері