Аралда тарихи-мәдени мұраларды пайдалану мен қорғаудың жай-күйі талқыланды
Тәуелсіздік алғаннан бері өнер мен мәдениет саласын дамыту және тарихи-мәдени мұраларымызды жинақтап, оны қорғау мен тиімді пайдалануға, сақтауға және қалпына келтіруге ерекше мән беріліп келеді. Төл тарихымызды тереңнен тартып, түгендеуге бүгінгі күні мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалып отыр.Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова және Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Сапар Көзейбаев арнайы қатысты.
Мәжіліс барысында Арал ауданы бойынша тарихи-мәдени мұраларды пайдалану мен қорғаудың жай-күйі және оны жақсарту шаралары туралы аудан әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов хабарлама жасады.
Жиын соңында аудан басшысы комиссия мүшелеріне алғысын жеткізіп, қызметтеріне табыс тіледі.