Жаныңды жадыратқан «Жас дәурен»

Шараны Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Исабек Байкенжеев ашып берді. Ең алғаш құрылғанда сценарийін О.Бодықов, билерін балетмейтсер Е.Усин қойып, композитор Ә.Бейсеуов әнін жазса, бүгінгі халықтық ансамблдің құрамы жаңарған. Аталған ансамбльге Н.Сарманов басшылық жасап, балетмейстері Д.Оразова, вокалистер Г.Әбілова, Г.Әбдіразақова, М.Дербишева, Ә.Мұсатаев, С.Шыныбеков, А.Есімовтер түрлі шараларға ат салысып, республикалық, облыстық байқауларда жүлделі орындардан көрініп келеді. Концерттік шарада Құрманғазының «Адайы», Әлшекейдің «Терісқақпайы» орындалып, ән мен бидің тамашасына тамсандық. Кеш соңын ҚР Мәдениет қайраткері Ө.Исмаил және депутат, жеке кәсіпкер А.Әбдіхалықова қорытындылады.
Г.Әбдіханиқызы