Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Орманда болған жұмбақ оқиға

Орманда болған жұмбақ оқиға

Айжанның төсек тартып жатқанына жарты жыл болды. Айжан 7-ші сыныпты тәмамдап, жазғы демалысқа шыққанда анасы оны бір аптаға көрші ауылдағы ағасының үйіне жіберген еді. Сол үйден қайтып келгеннен кейін үш күн өтпей-ақ төсек тартып жатып қалды. Мәселе физикалық саулығында емес, психологиялық жағдайында. Себебі төсек тартып жатып қалғалы бері ешкіммен сөйлеспейді, бір нүктеге қарап жата береді. Арасында өздігінен қарқылдап күлетіні бар. Мұндай кезде әкесі үйге сыймай, қызының мұндай мүшкіл халін көруге дәті шыдамай, сыртқа шығып кетеді. Анасы болса жан ұшыра қызына көмектескісі келеді, бірақ қызы тіпті анасын мүлде көрмегендей, дауысын естімегендей кейіп танытады. Айжан ауырып қалғалы бері өзге түгіл туған анасын танымайды. Айжан тіпті өз бетінше дәретханаға шықпайтын болды. Дәрігерлер одан ешқандай кінәрат таппады. Ал психологтар жындыханаға жатқызу керек екенін айтады. Алайда Айжанның ата-анасы бұл ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартты. Содан бері анасы Айжанды дәл сәби кезіндегідей бақты.
Айман қызына қарап жатып, ұзақ ойланды. Бұл белгісіз ауру қайдан шықты, қызы неліктен осындай халге жетті? Бұл сұрақтар оны көптен мазалап жүрген еді. Бірақ жауабын таба алмады. Осындай қалың ойдың үстінде ұлы Біржанның көрген түсі есіне түседі.


qazaly.kz
27 желтоқсан 2019 ж. 931 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930