Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Асқар Алтай "Кентавр" шығармасы

Асқар Алтай "Кентавр" шығармасы

Сәлем құрметті оқырман! Бүгінгі менің блог жазбам Асқар Алтайдың "Кентавр" шығармасы жайлы болмақ. Осы шығарманың басты кейіпкері бұл Бесарыс. Бесарыстың осындай болып туылу себебі - бұл Семей полигонындағы өткізілген сынақтар болып табылады.

Бұл сынақтардан зардап шеккен адамдар өте көп және әлі күнге дейін олардың саны ген арқылы берілу кесірінен артуда. Автор осы шығарманы жаза отыра, ең алдымен Семей полигонындағы сынақтардың зардабын Кентавр бейнесінде көрсеткізгісі келді.  Бұл шығармада көтерілген тағы да бір мәселе бұл табиғатпен адамдардың арасындағы қарым қатынас. Бесарыс қонжықтарды көріп олармен дос болуы бұл жануарлар арасындағы достық катынастың бірден бір мысалы. Адам қатігездігін біз Керімқазы мен оның құрдастарының аншылыққа барған кезде байқай аламыз. Олар аюды өлтіре қоймай оның екі қонжығында атып тастады. Сол кезде Бесарыс олардаң кек алып, адамдарға жабылып жатырғанда ағасының қолынан қаза табады. Бесарыстың өлімі туралы ойыңыз қандай? Керімқазының жасаған ісі қаншалықты дұрыс деп ойлайсыздар?

13 желтоқсан 2019 ж. 4 531 0