Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ядролық жарылыстан зардап шеккен 3 мыңға жуық адамға өтемақы тағайындалды

Ядролық жарылыстан зардап шеккен 3 мыңға жуық адамға өтемақы тағайындалды

BAQ.KZ. 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні. Қазақстанда ядролық сынақтар 40 жыл бойы жүргізілді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, жыл басынан бері Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерге біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы бойынша 2924 төлем тағайындалды. Зардап шеккендерге берілетін өтемақы мөлшері радиациялық қауіп аймақтарына қарай бөлінеді.

«Аталған біржолғы өтемақыны алу үшін сынақ салдарынан зардап шеккен аймақта тұрғандар тіркеуден өтіп, тиісті куәлік алуы тиіс. Бұл үшін мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне жүгіну қажет. Қызметті алу үшін азаматтар өтініш жазып, төлқұжат көшірмесін, мекенжай анықтамасын, банктегі шотының нөмірін, сондай-ақ 1949-1990 жж. ядролық сынақтар өткен аймақта тұру фактісін растайтын құжаттарын өткізеді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2019 жылдың алғашқы алты айында Семей полигонынан зардап шекті дегендерге 5,7 мың куәлік берілді.
28 тамыз 2019 ж. 684 0