Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Индонезияда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 400-ден асты

Индонезияда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 400-ден асты


Индонезияның Паулу қаласында жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар саны 420-ға жетті. Бұл туралы Дүлей апаттардың салдарын жою жөніндегі ұлттық басқармаға сілтеме жасап жергілікті Kompas телеарнасы хабарлады.
Бұған дейін ажал құшқан 384 және зардап шеккен 540 адам туралы айтылған болатын.
Ұлттық басқармадан атап өткендей, бұл тек Паулу қаласындағы сандар ғана. Зілзаладан зардап шеккен өзге округтерде қанша адам құрбан болғаны әлі нақтыланбаған.
Жұма күні таңертең Паулу қаласына жақын орналасқан Сулавеси аралының жағалауында 6,1 магнитудасымен жер сілкінді. Кейін осы ауданда 7,4 магнитудасымен тағы бірнеше зілзала тіркелді. БАҚ-тың хабарлауынша, бұдан соң, биіктігі екі метр цунами көтерілген.
 
30 қыркүйек 2018 ж. 912 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930