Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Уақыт қадірі

Уақыт қадірі

Бір минут – біреулер үшін еш маңызы жоқ зымырап айналған сағаттың ұзын тілі. Ал біреулерге жаңа мүмкіндіктің бастауы болса, бір кісілердің өмірінің соңғы сәті. Иә, әр минуттың өзіндік орны, әр секундтың маңызы бар. Себебі бай болсаңыз да, патша болсаңыз да 1 минутты сатып ала алмайтыныңыз анық.

Бала күнімізде әкемнің жолдастары бас қосса, дереу жандарына барып жайғаса кететінбіз. Өйткені, олардың әңгімесі біз үшін ең қызық ертегі секілді болатын. Жиналған көпшіліктің ішінен әкемізді ғана танып, қалғандарын пәленшенің әкесі, түгеншенің атасы деп ажырататынбыз. Баламыз ғой, әдемі әңгіменің жетегінде отырып, ұйықтап та қалатынбыз. Сондай басқосудың бірінде айтылған әңгіме еміс-еміс есімізде сақталып қалыпты. Бізден екі көше әрі тұратын, үнемі ұзын көк шапан жамылып жүретін ауылдас кісінің айтқан әңгімесі әлі күнге ғибрат болып келеді. Қай қала, кімдермен болған қақтығыс екені есімде жоқ. Әйтеуір жолдасы екеуі бастарынан өткен жағдайды былай баяндайтын:
– «Алыс-жақын араласатын достар бас қосып, отырыс­ ұйымдастырдық. Тіпті, арасында бірнеше жылдар бірін-бірі көрмеген жігіттер де бар. Не керек, ­отырысымыз ұзаққа созылды. Түн ортасынан ауып та кетті. Ауыл алыс болғандықтан, отырыстан бірінші біз қайтатын болдық. Түн тас қараңғы. Тәуекелге салып, Хамза екеуміз ауылға қарай бет алып келеміз. Бар ойымыз – таң бозармай ауылға жету.
– Түн қараңғысында қайдан шыққаны белгісіз ірі-ірі жігіттер тап болды. Арасынан атаманы шығып, мінезін көрсетпекші. Қасымдағы Хамза қысқа бойлы, арық, әлжуаз болса да, сөзге шебер етін. Арыстанша ақырып келген жігіттің түріне қарап күліп жіберді. Оны көрген ол одан сайын ашулануда. Ақыры атаман қол көтеріп, әлімжеттік танытайын деп жатқанда: «Тоқта!» – деп саңқ етті. Ана жігіт қанша ірі болса да, Хамзаның дауысына кідіріп қалды. Еш асып-саспастан Хамза қолындағы сағатын шешіп, ақырын ғана бұзақы жігіттің қолына ұстатты. «Мықты болсаң, мына сағатты кері айналдыр, қолыңнан келмейді ме, уақытыңды пайдалы нәрсеге жұмса, сен қайдан білесің, біреулер үшін қазір таң атпайды ғой», – деген бойда маған қарап: «Кеттік», – деді. Ана жігіт тұрған орнында қазықша қағылды. Сөз сүйектен өтеді деген осы болар. Жақында сол жігітті көрдім. Басында – тақия, қолында – тәспі. Қасымнан өте шықты, танымады-ау шамасы. Бірақ мен оны анық таныдым», – деп сөзін қорытындылаған еді.
Иә, уақыт қолға алған құм секілді. Алақаныңда қалай таусылғанын өзің де сезбей қаласың. Уақытын текке өлтіріп, құмар ойын ойнап, ішімдікке салынып жүргендер үйіндегі аяулы жарына, мәпелеп өсірген ата-анасына қаншалықты уайым артып жатқанын өзі білсе ғой, шіркін! Бос уақыттың қадірін кеш түсініп, өкініп жатқандарды көз көріп, құлақ естіді. Бірақ не пайда?
Ақын Абай Құнанбайұлы он бесінші қара сөзінде ­­­­­­­ «...Егер­­­­­­де­­­ есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күніңді өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?» – деген емес пе? Күнімізді қалай өткізіп жүрміз? Бүгін кімге қандай жақсылық жасадыңыз? Өкінбестей етіп өткіздіңіз бе? Ата-ана алдындағы қарызыңызды өтей алдыңыз ба?
Сонымен қатар «Қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» деп хакім Абай айтпақшы, кейбір ғалымдар бос уақыт адам баласының жауы, үлкен қауіптің төнуі деп жатады. Сондай-ақ алтын уақытыңды ұрлап жатқан ұрыға да теңейді. «Мұсылманның бір күні екінші күніне ұқсамауы керек» деудің де себебі уақытты тек пайдалы нәрсеге жұмса дегенді айтқаны болар.
«Бес нәрсе келмей тұрып, бес нәрсеге ұқыптылық таныт: кәрілік келмей тұрып, жастық шағыңды, дерт келмей тұрып, деннің саулығын бағала, кедейлік келмей тұрып, байлықты, бос уақытты бағала, өлім келмей тұрып, өміріңді бағала!» деген екен Хасан Басри.
Әр деміміз арқылы өміріміз қысқара түсуде. Әрбір арайлап атқан таң үшін қуанып, осы күннің бұйырғаны үшін шүкіршілік етіп, жақсылық жасаудан жарысайық.

Ерұлан ДАТКЕНОВ
13 шілде 2019 ж. 1 783 0