Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкентте жарыс кезінде 3 бала суға батып кете жаздады

Шымкентте жарыс кезінде 3 бала суға батып кете жаздады


Алматы, BAQ.KZ. Шымкенттегі Бадам су қоймасында триатлоннан сайыс өтіп жатқан кезде үш жас спортшы суға батып кете жаздады. Бұл туралы «Хабар 24» мәлім етті.

Жағалауды бақылап жүрген құтқарушылардың қырағылығы арқасында қайғылы оқиғаның алды алынды. 
Алдымен жүзуден 100 метрлі қашықтық сайысына қатысқан 16 жастағы бозбала құтқарылды. Су ішінде оның аяғы тартылып, тұншыға бастаған.
Бір сағаттан кейін ТЖД-нің құтқарушылары 11 жасар қыз баланы құтқарды. Ол судағы қауіпсіздікті бұзып, спортшылармен соқтығысып қалған.
Кейіннен 2007 жылы туған тағы бір жасөспірім қауіпке ұшырады. Оны да судан аман-есен алып шықты.
Аталған ведомствоның мәліметінше, осы жылы Шымкентте суға батып бара жатқан 4 адам құтқарылған. 
Қайғылы оқиға тіркелмеген.
12 маусым 2019 ж. 907 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930