Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерлікпен қаза тапқан полиция сержанты

Ерлікпен қаза тапқан полиция сержанты


Суға батып бара жатқан әйелді құтқарамын деп патрульдік полиция сержанты қайтыс болды. Оқиға кеше Атырау қаласында орын алған. Пульт операторына 21.52 де «102» ге орталық көпірден бір адамның секіргені туралы хабарланады. Оқиға орнына бірден жеткен Атырау қаласы полиция басқармасының жедел құрамында сержант Шалқар Ақымғалиев пен кіші лейтенант Рүстембек Сүндетов болған. Марқұм Шалқар Ақымғалиев суға батқан келіншекті құтқару үшін ағысы күшті суға қойып кетеді. Алайда, ағысқа қарсы жүзу тым қиынға соғады. Ақыры, су түбіне батып кетеді. Марқұмның негізгі ойы әлгі әйелді құтқарып, қызметтік міндетін мінсіз атқару болатын. Миссия орындалады. Әйел аман, бірақ, өзі батып кетті. Әріптесі Рүстембек Сүндүтов әрекет етіп құтқаруға тырысқанымен, Шалқарды ажалдан аман алып қала алмады. Марқұмның мүрдесі 00.50 кеткенде табылды.
Шалқар Көшкінбайұлы көп балалы отбасынан шыққан. Отанға адал қызмет етіп келе жатқанына 5 жыл, жасы 25 те еді. Суға батып бара жатқан келіншекті құтқара отырып, өз өмірін құрбан еткен Шалқардың есімі ел жадында сақталып, ерлігі тарихқа алтын әріппен жазылатыны сөзсіз.

 ЖҰРТ НЕ ДЕМЕЙДІ?! ФБ парақшасынан.

22 наурыз 2019 ж. 2 025 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930