Қызылорданың полимер өнімдері ЕАЭО нарығына шығады
«Қазақстанның үздік тауары» өндірістік байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған қызылордалық полимер өнімдерін шығаратын цех экспорттық бағытқа бет бұрды. Жылына 9 жарым миллион дана полипропилен қапшық тігетін өндіріс ошағы бүгінде отандық 30 кәсіпорыннан тапсырыс қабылдап отыр. Еуразиялық экономикалық одақ аясында декларациялық сертификатқа қол жеткізген кәсіпкерлік нысан енді өнімдерін көрші мемлекеттерге саудаламақ. Озық үлгідегі технология бойынша Павлодардан тасымалданған шикізатты өңдеумен мұнда 50 шақты жұмысшы айналысады. Олардың 10-ы жазасын өтеп жүрген азаматтар. Экспорттық арна ашылса, сұранысқа сай жұмысқа тартылатын сотталғандардың қатарын көбейтіп, жаза басқандардың түзелуіне жан-жақты жағдай жасалмақ. Жүніс Әбдіқайыров, ҚАЖД басшысының орынбасары: - Қазіргі таңда 2 ай көрсеткіші бойынша сотталғандар 4 млн тг жақын жалақы алды. Оның 50% атқару парақтарына ұсталып, жәбірленушілер мен мемлекет пайдасына аударылып отыр. Ең төменгі жалақы – 42500тг.
www.24.kz