Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңғыстау облысындағы кәсіпорын өнімін шетелге сатуды бастады

Маңғыстау облысындағы кәсіпорын өнімін шетелге сатуды бастады

Маңғыстау облысындағы ұңғымадағы сорап қондырғы бөлшектерін шығаратын кәсіпорын өнімін Каспий аймағындағы мемлекеттерге жөнелтуге көшті. Бүгінде Әзербайжанмен келісім-шарт жасалып, қазақстандық компаниядан ірі көлемде тапсырыс қабылданған. Сапасы халықаралық талаптарға сай отандық тауар жергілікті мұнай-газ мекемелерінде кең қолданыста. Ескі қондырғыларды озық үлгідегі жаңасына ауыстырған соң өндіріске жұмсалар шығын азайып, еңбек өнімділігі бірнеше есе артқан. Айта кетейік, өткен сәуірде Мұнайлы ауданындағы өндірістік базада жаңа цех ашылған еді. Бұл мақсатқа шетелдік инвестор 5 млн доллар жұмсаған. Мұхамед Разиев, кәсіпорын өкілі: - Мұнда жылына 1 мың дана ұңғымадағы сорап қондырғысының бөлшектері дайындалады. Және оларды тапсырыс беруші мекемеге жеткізіп, орнату жұмыстарын да атқарамыз. Екі ай бұрын ашылған цехта 30 адам еңбек етуде. Барлығы да кәсіби білім алған жергілікті тұрғындар. Жұмыс кестесі әзірге бір ауысымдық. Цех қуаты сатылып өсуімен таяу уақытта екі ауысымға ауысады.

24.kz
12 маусым 2018 ж. 1 115 0