Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот жүйесін жетілдіру мен жаңғырту жолында жасалған нақты қадам

Сот жүйесін жетілдіру мен жаңғырту жолында жасалған нақты қадам


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
21.01.2019 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.
Аталған заңмен 42 заңнамалық актіге, оның ішінде 11 кодекске меншік құқығын қорғауды күшейтуге, төрелікті дамытуға, сот жүктемесін оңтайландыруға және экономикалық қылмыстарды ізгілендіруге бағытталған түзетулер енгізілді.
Заң жалпы түзетулердің бес тобын қарастырады:
  1. Меншік құқығын қорғауды күшейтуге бағытталған. Банктік қарыз шарттары бойынша тараптардың мүліктік құқықтарын қамтамасыз ету үшін «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңындада: банктік шотты жүргізгені үшін және осындай шотты ашқан кезде қарыз бергені үшін қос комиссияларды; ипотекалық қарыздар бойынша 180 күн өткен соң есептелген сыйақыны алуға тыйым салынатындығы көзделді. Заң қарыз алушы-борышкердің банктік шотынан ақшаны оның берешегін төлеу есебіне алуға шектеу енгізеді, оған сәйкес оның шотында айлық ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең сома қалуға тиіс. Бұл норма қиын қаржылық жағдайға түскен қарыз алушы жеке тұлғаларды әлеуметтік қорғауға бағытталған.
  2.  Заңнаманы халықаралық актілердің ережелеріне сәйкес одан әрі келтіру ұсынылатын «Төрелік туралы» Заңды қолдану практикасында бар проблемаларды шешуге бағытталған. Атап айтқанда, мемлекеттік органның не квазигоссектор субъектілерінің қатысуымен дауларды төрелік қарау кезінде шетелдік құқықты қолдану мүмкіндігі беріледі. Бұл түзету квазигосектор субъектілеріне сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының арбитражына жүгінуге мүмкіндік береді.
  3. Сот жүктемесін оңтайландыруға бағытталған түзетулерді құрайды. Мәселен, Азаматтық іс жүргізу кодексіне және «Нотариат туралы» Заңға өзгерістер енгізілді, оған сәйкес соттар бұрын қарайтын 9 даусыз талаптар нотариустарға беріледі. Бұл, мысалы, жалақыны өндіріп алу туралы, коммуналдық қызметтер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы және т. б. талаптар. Сонымен қатар, тараптардың келісімдеріне негізделген 10 талап жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізуден соттың бұйрықтық іс жүргізуіне берілді.
  4. Экономикалық және салықтық қылмыстық құқық бұзушылықтарды ізгілендіруге және осыған байланысты салық заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік айыппұлдардың мөлшерін ұлғайтуға бағытталған. Атап айтқанда, шетелден ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты қайтармағаны үшін және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарғаны үшін Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын залалдың шегі тиісінше ұйымдардан 15 мың АЕК-тен 45 мың АЕК-ке дейін және ірі залалды 20 мың АЕК-тен 50 мың АЕК-ке дейін, сондай-ақ аса ірі залалды 50 мың АЕК-тен
    75 мың АЕК-ке дейін артты.
  5. Өзге де түзетулерді қарастырады. Атап айтқанда, Азаматтық кодексте нотариус депозиті арқылы мәмілелер бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысанын қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асырауындағылар бірінші кезек бойынша мұрагерлермен тең мұра қалдырушының ата-аналары, жұбайлары мен балалары кіретін мұрагерлік массаға үміткер болуға құқығы бар.
Аталған заң Елбасының «Ұлт жоспары» және сот төрелігінің сапасын арттыру мен сот жүктемесін төмендету туралы тапсырмасы шеңберінде жүзеге асырылған сот реформаларының жалғасы болып табылады.
Мұндай өзгертулер мен толықтырулар сот жүктемесін азайтып қана қоймай, даусыз талап арыздар бойынша сотқа жүгінген тараптардың уақыт және қаржы шығындарының азаюына септігін тигізеді. 

                                                                                                          М.Күздеубаев
                                                                                      Шиелі аудандық 
сотының төрағасы
11 наурыз 2019 ж. 725 0