Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғыс айту күнін Алматы облысының халқы айрықша атап өтеді

Алғыс айту күнін Алматы облысының халқы айрықша атап өтеді


1 наурыз - Алғыс айту күнін Алматы облысының халқы айрықша атап өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өйткені, Жетісу жері өткен ғасырдың 30-40 жылдарында Қиыр Шығыс пен Еділ бойынан және Қап тауының етегінен Қазақстанға жер аударылған жүз мыңдаған адамды бауырына басты. Дала пейілді, дархан көңілді қазақ халқы оларды келімсек деп кемсітпеді. Қайта алдарына барын тосты. Алматы облысының Көксу ауданында тұратын Самат пен Кулюза Курбановтар да қазақ еліне ерекше бағалайды. Алматы облысының Көксу ауданындағы Мұқыры ауылының тұрғыны Самат Курбанов үшін туған жерге деген махаббаттың мән-мағынасы өте ерекше. Өйткені ол өз Отанынан аласталып, өзге елде өмір сүруге мәжбүр болған отбасында дүниеге келді. Оның ата-анасы 1937 жылы Әзірбайжандағы Нахичевань қаласынан Қазақстанға депортацияланыпты. Самат Курбанов, Көксу ауданының тұрғыны: - Менің әкемді контрабандашы ретінде ұстап, концлагерьге қамап тастаған. Бір аптадан кейін шығарып, әке-шешемді шиеттей 4 баласымен пойызға отырғызып, Қаратал ауданына жөнелтеді. Жол үстінде нан түгілі құдайдың қара суы да қат болған. Соның салдарынан үлкен әкпем науқастанып, жарты жолда көз жұмды. Кәлпе ауылының қазақтары бізді киіндіріп, қолында жарты құрты болса, соны бізбен бөле жеді. Саматтың жан-жары Кулюзаның ата-бабалары да қуғын-сүргінді көп көріпті. Ондай қиындықты өз басымнан кешірмесем де, әке-шешем «Қазақ халқына қарыздармыз. Соны естеріңде мықтап сақтаңдар!» дегенді жиі айтып отыратын, - дейді ол. Кулюза Курбанова, Саматтың зайыбы: - Біздің ата-әжеміз депортацияланған. «Өте қиын жағдайға душар болдық, вагонның іші қақап тұрды. Қатты тоңғаннан тісіміз тісімізге тимейтін», - деп әкем сол кездерді жиі есіне алып отыратын. Соған қарағанда, оларды қыстың күні жер аударған сияқты. Қонақжай қазақ халқының арқасында аяғымыздан нық тұрып, ел қатарлы өмір сүріп жатқан жайымыз бар. Жетісу жеріне Әзірбайжаннан 400-ге тарта отбасы күштеп көшірілген. Көбі осылайша, туған елден жырақтап, ет жақындарынан айырылды. Курбановтар да ұзақ жылдар бойы туған-туыстарының тағдырынан бейхабар болып келді. Самат Курбанов, Көксу ауданының тұрғыны: - Із-түзсіз кеткендер қаншама?! Ал олардың балалары қараусыз қалды. Ойлап қараңыз, менің әке-шешем бауырларымды 1956 жылы Қап тауының етегіне барып, Қазақстанға көшіріп алып келді. Ағайынды кісілердің балалары да солармен бірге ілесе келді. Самат пен Кулюза қазір құрметті демалыста. Екеуі үш бала тәрбиелеп өсірді. Бүгінде немерелерінің қызығына тоймай жүрген жайы бар. Олардың барлығы спортпен айналысады. Алик Гуйсенов, Саматтың туысы: - Бұл осы ауылдағы өте үлгілі отбасының бірі. Самат Курбанович ақсақалдар кеңесінің мүшесі. Ол кісі мәдени бірлестіктің жұмысына да белсене араласады. Ерлі-зайыпты Курбановтар түрлі салада талмай еңбек етіп, еліміздің гүлденуіне атсалысып жүрген өз балаларын мақтан тұтады. Олардың Қазақстаннан өзге Отаны жоқ. Өйткені осы жерде туып-өсті. Сондықтан ұрпағымыздың болашағы осы елмен тыңыз байланысты, - дейді Курбановтар.
Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Қуаныш Түргенбаев

www.24.kz
01 наурыз 2019 ж. 867 0

Қоғам

ҚАРА ӨЛЕҢГЕ ҚҰМАР ЕЛЕНА
01 мамыр 2024 ж. 112

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031