Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бұрқасын, көктайғақ, екпінді жел: Жұма күнгі ауа райы болжамы

Бұрқасын, көктайғақ, екпінді жел: Жұма күнгі ауа райы болжамы

28 желтоқсан күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде құбылмалы күн райының сақталуына байланысты жауын-шашындар күтіледі. Еліміздің тек оңтүстік және шығыс аудандарында жұма жауын-шашынсыз өтеді. Республиканың кей жерлерінде көктайғақ, тұман, бұрқасын, екпінді жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады, желдің екпіні 15-20 м/с артады.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Бұрқасын соғып, көктайғақ болады.
Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында тұман күтіледі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. Жамбыл облысында көктайғақ болады.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерін тұман басады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 20-28 м/с жетеді.
Түнде Алматы облысының солтүстігінде қатты аяз сақталады.
28 желтоқсан 2018 ж. 1 337 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

№14 (9381)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (9380)

17 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728