Қазақстанда жөтелге қарсы екі дәріні сатуға тыйым салынды
Бұл туралы «Астана» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Инспирон» және «Тирфенс» дәрілері жөтел, ларингит, бронхитті емдеуге, сонымен қатар бронх демікпесін емдеу кезінде қолданылады.
Фармация комитетінің төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков «Эреспал» дәрісі сатылымнан алынғанын, ал «Инспирон» мен «Тирфенс» дәрілерінің сатылымы қазақстандық дәріханаларда тоқтатылғанын айтты.
Алайда кей дәріханалардан аталған дәрілерді табуға болады. Алайда оларды сату нүктелерінен тәркілеу процесі басталып кетті.
«Кейбірінде бар. Бұл адами фактор. Біреулер естімеген болуы мүмкін. Алайда оларды сатылымнан алу процесі іске асырылып жатыр. Оның үстіне, бүгінде дәрі-дәрмектерді бақылау бойынша пилот дайындалуда», – дейді нұрлыбек Асылбеков.
Комитеттегілер бүгінде аталған дәрілердің қаншасы сатылғанын білмейді. Алайда бұл дәрілерді қабылдауды тоқтатып, дәрігерден кеңес алуды сұрайды.
www.diagnews.kz