Ауылда жұмыс істеуден бас тартқаны үшін жас мамандар мемлекетке 1 млрд теңгеден астам қарыз
Дәрігер, мұғалім, мал дәрігері мамандығындағылар мемлекет есебінен оқи алады. Бірақ оқу аяқталған соң келісімге сәйкес, ауылды жерлерге барып оқу ақысын өтеуі тиіс.
Заң бойынша, жас мамандар оқу ақысын ақтап, жұмыс ақысын өтеуі тиіс болатын. Қазір бұған қатысты тексеру жүріп жатыр.Бұл жайлы “Қаржы орталығы” АҚ өкілі Назым Болатқызы айтты, деп хабарлайды Алматы арнасы.
Айтуынша, бүгінде 2012-2017 жылдар аралығында келісім бойынша, оқуды бітірген соң тиіс орындарда жұмыс істемеген мамандар мемлекетке 1 млрд 280 млн теңге шығын келтірген.
“Медицина, мал дәрігерлер, мұғалімдік мамандарды оқығандар оқуды бітірген соң ауылды жерлерде 3 жыл жұмыс істеп, оқу ақысын өтеуі тиіс. Ол мемлекеттік білім басқармасының, денсаулық сақтау басқрамасы мен мал дәрігерлік пункілерде жұмысын атқарады. Ал, міндетін дұрыс орындамағандар, ауылды жерлерде немесе мемлекеттік орында жұмыс істемегендер ақыны өтейді. Оларға бастапқыда хабарлама жіберіп, келісімге келеміз. Кейін істі сотқа береміз”, – дейді Назым Болатқызы.
Айтуынша, 2012-2017 жылдар аралығында 18 мыңға жуық маман ауылдық квотамен оқыған. Оның 5 мыңы медицина қызметкері мамандығын, 13-14 мыңы педагогикалық мамандықтарды, 300 адам мал дәрігерлік оқуды оқыды.
Stan.kz