Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕ ДИЕТАСЫ ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫР АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ

ШИЕ ДИЕТАСЫ ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫР АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ




Шие жемісі құрамындағы темірдің арқасында антисептикалық қасиетке ие. Сондықтан ол бүйрек, өкпе, жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларына, қан аздыққа ем екені анықталып отыр.
Ғалымдардың соңғы зерттеулері көрсеткендей, шие тұз байлану ауруларын емдейтін дәрілердің адам ағзасына әсерін күшейтеді. Жемістің құрамында таңқурай мен қарақатқа қарағанда ас қорыту жүйесіне пайдалы антоциан заты мол.
АҚШ-тағы Мичиган университетінің ғалымдары жуырда шие диетасына зерттеу жүргізіп көрді. Бірақ, тәжірибе адамдарға емес, кәдімгі кеміргіш тышқандарға жүргізілген. Оның нәтижесі көрсеткендей, кеміргіштердің иммунитеті күшейіп, түрлі ауруларға ағзалары қарсы тұра білген. Себебі, тышқандардың қан құрамындағы холестерин затының деңгейі төмендепті. Ал, бұл өз кезегінде жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығуды тойтарады.
Мұнан кейінгі тәжірибе адамдар арасында жүргізілді. Күнделікті шие шырынын ішкен олардың денсаулығы айтарлықтай өзгерген: иммунитеттері көтеріліп, ағза өздігінен кейбір ауру түрлерін жеңе алатын дәрежеге жетіпті.
Айта кету керек, шие құрамындағы антиоксиданттар ағзадағы қышқылдарды реттеп, дәрумен, минералдар мен өзге микроэлементтердің уақытылы жеткізілуін қамтамасыз етеді.
Мамандар шие жеген адамның тәбеті де жақсы болады деген кеңес айтып отыр. Сондай-ақ, аталған жеміс дене температурасын бірқалыпты ете алатын қасиетке ие. Сонымен қатар, шиеде темір жүзім, мүкжидек және лимонға қарағанда екі есе көп.
Шие шырыны стафилококк және стрептококк сынды бактериаларды жояды, яғни аяғы ауыр әйелдерге пайдасы орасан зор.
http://reactor.inform.kz
13 ақпан 2019 ж. 1 149 0