Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарбыз жүрекке ем

Қарбыз жүрекке ем

Қарбыздар тек дәмді ғана емес, адам денсаулығы үшін өте пайдалы. Мұны Кентукки мен Пердью (АҚШ) университетінің ғалымдары дәлелдеп отыр. Сіздер осыған дейін қарбыздан жасалған бет маскалары жайлы және оның шығу тарихы жайында танысқан едіңіздер. Енді бүгін біз сіздерге қарбыздың тағы басқа қырын ашпақпыз. АҚШ ғалымдары зерттеу жұмысы кезінде таңдаулы аңдарды холестирині мен майы көп тағамдармен тамақтандырған. Кейбіреулеріне қарбыз шырынын, ал енді басқаларына қарбыз шырынының жасанды түрін қосқан. Нағыз қарбыз шырыны қосылған тамақпен қоректенген аңдардың екінші топ аңдарына қарағанда 30% аз салмағы жоғалған. Зерттеушілердің айтуынша, мұның бәрі қарбыз құрамында кездесетін цитруллинге байланысты. Қарбыз құрамын керекті дәруменге толтырып тұрған цитруллин жүрек қан тамырлар жүйесі үшін пайдалы. Тек қарбызды нағыз пісетін уақытында жеу керек. Ерте, не кеш сатылымға шығатын қарбыздарды жеуге қорқу керек. Өйткені өз уақыты өткен қарбыздардың құрамындағы заттар да пайдалылығын да жоғалтады. Жүрек қан тамырлары жүйесі үшін бірден-бір ем саналатын қарбыздың мұндай қырын да біле жүргейсіз!


Massaget.kz
10 тамыз 2018 ж. 2 544 0