Ғалымдар көк шайдың жүрекке пайдасы туралы айтты
Көк шай күрделі флавоноид, галлат эпигаллокатехин сынды молекуларға бай. Мамандар бұл заттардың рак және нейродегенеративті аурулардың алдын алуға көмектесетінін айтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Британия ғалымдары жүрек талмасының алдын алуға көмектесетін пайдалы молекулалардың көк шай құрамында көп болатынын анықтады. Бұл туралы Ланкастер университетінің профессоры Дэвид Миддлтон айтып берді. Ал зерттеу жұмысы Journal of Biological Chemistry журналында жарияланды.
АpoA-I таза протеині адамның жасы ұлғайған сайын ағзада жиналып, тамыр түйіншіктерінің зақымдалуына алып келеді. Яғни адам жүрек талмасына ұшырайды. Ал көк шай өз кезегінде бұл протеиннің адам ағзасына кері әсерін тигізуіне кедергі жасайды. Десе де зерттеу жұмысының авторлары күнделікті көк шай ішудің жеткіліксіз екенін айтады. Одан бөлек, әсері күштірек болуы үшін күйзелістен сақтанып, дұрыс тамақтанып, шылымнан бас тартып, физикалық жаттығулар жасау қажет.