Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеміс шырынын ішу аса қауіпті

Жеміс шырынын ішу аса қауіпті


АҚШ ғалымдары таза өнім саналатын жеміс шырынын кейбір жағдайда тұтыну адамның мерзімінен бұрын өліміне әкеліп соқтыратынын анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 
АҚШ-тың Эмори университетінің ғылыми қызметкерлері жеміс шырынының адам ағзасына тікелей әсері туралы 6 тәжірибе ұйымдастырып, мұндай сусындар адам өміріне аса қауіпті деген ұйғарымға келген. Бұл зерттеуге осындай сусындарды жақсы көретін және қант диабеті мен жүрек-тамыр дерттерімен ауырмайтын 30 мыңнан астам ерікті қатысқан. Тәжірибе басталмас бұрын ғалымдар шырынның күнделікті тұтыну көлемі мен ондағы қант мөлшерін анықтап алған. Қатысушыларды бақылау 6 жылдан астам уақытқа созылған және олардың өлу себептері тыңғылықты зерттелген.
Тәжірибеге қатысушылардың өлу себептеріне ішімдік ішу, шылым тарту секілді қосымша факторлар да әсер еткен. Алайда зерттеу қорытындысы көрсеткендей, күніне бір литрден астам жеміс шырынын ішкендер жүректің ишемиялық ауруынан көз жұмғаны анықталған. Шырынды бір литрден аз тұтынғандар мұндай қауіпті топқа ілікпеді. Ғалымдар 45 жастан соң шырынды аз ішіп, күніне 50 мг-нан артық емес норманы тұтыну керегін айтады.
Baq.kz
26 наурыз 2018 ж. 1 501 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930