Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістан облысында соғыс ардагерлеріне арналған аллея ашылды 

Түркістан облысында соғыс ардагерлеріне арналған аллея ашылды 


Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 1941-45 жылдар аралығындағы соғыста ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге арналған аллея ашылды. Сарыағаш ауданынан майдан даласына 43 азамат аттанған. Сондай-ақ Сталинград шайқасынан 1 азаматтың топырағы қайтып, осы жерге қойылған. «Ер есімі ел есінде» атты ескерткіш тақтаға соғыстың отты жылдарында қан кешкен сарбаздармен қатар сол кезеңде елге еңбегі сіңген тыл ардагерлері, батыр аналардың да аттары қатар жазылған. Салтанатты шараға аудан әкімі Қайрат Әбдуәлиев пен осы өңірден шыққан облыс мәслихатының депутаттары арнайы қатысты. Сейіт-Омар Саттаров, Сарыағаш ауданының тұрғыны: - Қазаққа Отан керек. Қазаққа намыс керек, ар керек. Елдің намысын, арын жартып, сол үшін қаза болған жігіттер артымызда тұр. Мынаны келіп бәрі көреді. Бәрі осы жерде тәрбиеленгенін көреді. Өзінің осы жерде туып-өскенін, осы жерде атасының, бабасының бар екенін біледі. Солардың осы жер үшін бейнет қылғанын, осы жер үшін қан кешкенін түсінеді. Мұның тәрбиелік мәні осы жерде.

www.24.kz
12 ақпан 2019 ж. 1 427 0