Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көңілде күмән сейілді

Көңілде күмән сейілді



Газеттің өткен санында базар кезіп, жәшік асынып, «Ерікті жастармыз» деп жүрген жастар мен жалпы қордың жұмысы, жиналған қаржының тиісті орындарға жетуі жайлы зерттеу жасап, мәселе көтерген едік. Нәтижесінде, аталмыш қордан көмек алып жүрген ата-аналар редакцияға телефон шалып, өздеріне қордан нақты көмек жасалып жатқанын айтқан еді.
Өмір. Біреуге бақ, біреуге қайғы. Өкінішке орай өзгелер секілді жүріп, ойнап, күле алмайтындар бар арамызда. Туылғанынан өмірдің ащы дәмін татып, қиналған баланы көргенде жаның ауырады әрине. Оларға көмектесу, қасында болу нағыз қайырымдылықтың көрінісі.
«Ана болған соң балаңның ауырғаны жаныңа аяздай батады. Осындай қиын тұста «Халықаралық дүние руханият» қорының бізе жасап жатқан жақсылығы орасан зор. Баламызды емдету үшін миллиондап ақша талап етеді. Біздің қалтамыз көтермей, тек дәрі-дәрмекке жүгінетініміз бар. Ал миды жақсартып, тыныштандыратын бір дәрінің бағасы 450 теңгеден тұрады. Осы тұста бізді демеп жүрген қайырымды жандарға дән ризамыз», – дейді ДЦП мен ауыратын Диас Ғаниұлының анасы, қызылордалық Жанар Карамендеева.
Ал, Дариға есімді оқырманымыз «Көңілімізге сәуле шашып, баламыздың еміне тамшыдай болса да көмектесіп жүрген жандардың ісіне сәттілік тілейміз», – десе, Айсұлу есімді ана көмек сұрап жүрген жандар біз үшін көше кезуде. Біз балаларымыздан алшақтай алмаймыз. Міндетті түрде қасында болуымыз керек. Жұмыс жасай алмаймыз. Олар туралы халық теріс ойда болмаса екен» деп сөзін тәмамдады.
«Халықаралық дүние руханият» қорынан 150 мың көлемінде қаржылай көмек алған Кенжегүл Үсенқызы «Мемлекеттен алатын ақшамыз жетпейді. Жақсылық жасауды жанына серік еткендердің еңбегі жемісті болсын. Бұлардан үлгі алатындар саны көп болуы керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, әрбір қазақ бір-бірін жалғызым деп қараса, балаларымызға ота жасататын ақшаны жию үшін көше кезбес пе едік», – деп әңгімесін тоқтатты.
PS. Ата-аналардың айтуынша 40-қа жуық науқас тіркеліп, әр апта сайын аталмыш қордан кезекпен ақша алып тұрады екен. Бұл да дұрыс шығар. Ауыр дертке шалдыққан қаншама бейкүнә сәбиге қуаныш сыйлау – сөзсіз сауапты іс. Дегенмен, қайырымды жандар қол жайып, дінде құп көрмейтін садақа сұраудан басқа жолды тапса игі деген ой ғана болатын біздікі.

Ерұлан ДАТКЕНОВ.
09 ақпан 2019 ж. 843 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930