Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерлер асыл қазынамыз

Ардагерлер асыл қазынамыз



Жақында журналистік жұмыстармен №6 кен басқармасына жолым түсті. Мұнда жұмыс істейтін қызметкерлердің дені өзіміздің жерлестеріміз екені бесенеден белгілі. Ал, басқа өңірлерден келген бірең сараң мамандар осында тұрақтап, отбасыларымен көшіп келіп жатады. Оған кен басқармасындағы жұмыстың 15-не 30 күндік вахталық тәсілі қолданбайтыны да себеп болуы керек.
Бір байқағаным ұжым өз ардагерлерін қатты құрметтейді екен. Өкінішке орай оның бір­азы өмірден өтіп кетті. Кен басқармасы мен өңір жұртшылығын байланыс­тыруда көп еңбек сініргендердің бірі – Жақсылық Ахметов еді. Осы орайда сала ардагер­лерінің пікіріне құлақ түрейік.
Оразбек Ибраев­ Қазақстанның құрметті құрылысшысы:
– Жақсылық Қазатом­өнер­кәсіп саласына 1995 жылы келді. Оның алдында қазіргі Балаби ауылында директор болып жүргенде-ақ ол геологтармен тығыз байланыста болатын. Тайқоңыр жаққа жиі баратын, өйткені, ол жақта бірнеше уран өндіруші мекемелер орналасқан. Мол тәжиірбесін, №6 кен бақармасында жақсы пайдаланып елге пайдалы игі істер атқарды.
Владимир Пантелеев геология ардагері:
– Қазатомөнеркәсібі саласын­да қазір көзі тірісі бар дүниеден өткені бар біраз адамдармен қоян-қолтық жұмыс істедік қой. Жақаң ерекше адам еді. Қазақтың даласы қандай кең болса, оның көңілі де сондай еді ғой шіркін! Өңірдің өндірістік әуелетіне үлес қосқан Ж.Ахметовтың және басқа да достарымның есімін әсте ұмыту мүмкін емес .
Бауыржан Төлепбергенов «Қарамұрын» кенішінің слесарь жөндеушісі:
– Аға буын өкілдерінің өмір жолы бізге үлгі-өнеге. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында өскелең ұрпақтың тәрбиесі тұрғысында осы мәселеге айрықша мән бергені белгілі. Сондықтан, баспасөз бетінде аталмыш тақырыпты жиі қозғаған дұрыс деп есетеймін. Жақсылық ағаның өзім де, әріптестерім де талай жерде қамқорлығын сезіндік. Ол өзін бір үлкен бастықпын деп санамайтын. Әрқашан ашық жарқын, қарапайым қалыпта, әзілі ауызында жүретін ағамыз еді. Ол кісіні біздің мекемеде ешкім ұмытқан жоқ. Алдағы уақытта спорт сүйер әріптестерімізбен ақылдасып, Ж.Ахметов атындағы ардагерлер арасында волейбол турнирін өткіземіз деген жоспарымыз да бар .

Мақсұт Кенесұлы.
Сурет автордыкі.
09 ақпан 2019 ж. 1 627 0