Нартай (баллада)
Ел-жұртын өлең-жырға кенеген жыр алыбы Жамбыл жүзге қараған шағында дүниеден өтедi. Бүкiл Қазақстан қайғырады. Қаралы жиынға Қазақстан Жазушылар одағының атынан Мұхтар Әуезов бастаған, Сәбит Мұқанов, Әбдiлдә Тәжiбаев қоштаған делегация барады.Республиканың түкпiр-түкпiрiнен өнер адамдары ағылады. Арқадан Шашубай мен Қалқа, Сыр бойынан Нартай, Жетiсудан Үмбетәлi, Кенен, көршi қырғыз елiнен Оспанқұл мен Әлiмқұл келедi. Жұртшылық көрiсiп, көңiл айтып болған соң қырғыздың қос ақыны жоқтау-жыр айтады.
Әрлi де нәрлi жырлар мен азалы әуендер қазалы елдiң көңiлiн бiр серпiлтiп тастайды. Тәнтi болған Мұхаң жан-жағына қарап:
– Қане, өлеңге өлеңмен жауап беретiн бiздiң елден кiм бар? – дейдi. Жылап-сықтап отырған ақын-жыраулар тосын сауалға сәл-пәл абдырап қалады.
– Кенен жауаптассын…
– Шашубай бар ғой…
– Жо-жоқ, Үмбетәлi айтсын, Жәкеңнiң үзеңгiлес iнiсi ғой, – деп көпшiлiк арасынан дауыстар шығып жатады.
Ортаға шыққан Үмбетәлi жырау даусын қырнай жөткiрiнiп, домбырасының шанағын селқос қағып, бiрер ауыз өлең жолдарын жұптайды да, «Науқастанып жүр едiм, жүрегiм жылап тұрса да жырлай алар дәрменiм жоқ, арғы жағын сен жалғастырғын. Жәкемнің үміт артқан жастарының бірі едің», – деп кезегiн Нартайға бередi. Мұны көрген Мұхаң «Таңды таңға ұластырып жыр айтатын ел едiк. Ақындарымыздың ауылдың алтыауызын айтуға да жарамағаны ма? Әлде ән-жырымыздың шынымен Жамбылмен бiрге кеткенi ме?» – деп iштей күрсiнедi.
Нартай ақын сырнайын ала-сала, ащы айқаймен тамағын ашып алып, әндете жөнеледi:
Оспанқұл мен Әлiмқұл –
Алдымда пана ағасың.
Алатаудан алады
Қазақ та жырдың сағасын.
Қос бауыр елге келгенде,
Ақ ордама енгенде,
Көңiл айта бергенде,
Ақбөкендей желгенде,
Жазылғандай-ақ болды ғой
Жанымның қанды жарасы,
Көңiлiмнiң мұңлы наласы… – деп ұзақ толғайды.
Қырғыз ақындарының өлеңдерiн толықтырып, Үмбетәлiнiң үзiк жырын жалғаған Нартай жыры ел көгiнен қайғы-мұңды қуалап, қаралы қауымды дүр жадыратады. Оспанқұл мен Әлiмқұл: «Ойпырмай, Жамбыл жәкемiз өлдi деп келсек, өлмеген екен ғой, тiрi екен ғой» – деп көпшiлiкпен қайта көрiскен екен.
Осы оқиға желісімен жазылған «Нартай» атты балладамды алғаш еңбекке баулыған, қанатымды қатайтып, томағамды сыпырып Алатауға – Алматыға ұшырған сүйікті газетім – «Өскен өңірдің» 80 жылдығына орай басылым оқырманына жолдап отырмын.
Автор.
... Аты қатар аталатын Гомермен,
Әрбiр сөзi орын алған көңiлден,
Жүз жастағы абыз Жамбыл бiр күнi
Қош айтысты опасы аз өмiрмен.
Шашу етiп асыл сөздiң арайын,
Күмбiрлеткен жақұт жырдың сарайын,
Жыр алыбын жаны күйе азалап,
Жеттi көршi қырғыз, өзбек ағайын.
Бiлдiрмек боп аза-мұңын Жамбылға,
Келiп жатты қойшы-қолаң, сал, мырза.
Астананың бастап қаламгерлерiн,
Келдi мұнда Мұхтар, Сәбит, Әбдiлда.
Ағылды ел Алатаудан, Алтайдан,
Сыр бойынан келдi дүлдүл Нартай да.
«Бауырымдап» жеттi Қалқа, Нұрлыбек,
Таудың iшi тұнды жоқтау-айқайға.
Талас суын талас қылмай тел iшiп,
Бiрге өскен той-думанын бөлiсiп,
Ақындары ақ қалпақты қырғыздың
Жоқтау айтты, болғаннан соң көрiсiп.
Төктi жырды ел қайғысын басатын,
Оспанқұл мен Әлiмқұлдай қос ақын.
Егiлдi жұрт зарлы, нәрлi, сазды жыр
Жанын тербеп, көңiлдерiн босатып.
Шерлi әуен, мұңлы мақам азалы
Дүр сiлкiнттi қалың елдi қазалы.
– Бек аман бол! – дедi Мұхаң тәнтi боп –
Қырғызымның марқасқа қос сабазы.
Биiктеттiң қазағымның өресiн,
Қайраттанып жинады бiр ел есiн...
Ұлы Мұхтар төңiрегiн бiр шолып:
– Кiм бар дедi жырмен жауап беретiн.
Күн-түн қатып шаршаған жұрт қалжырап,
Бұл сұраққа қалды бiр сәт абдырап.
– Кенен бар ғой...
– Үмбетәлi...
– Нұрлыбек...
Ақындарды атап жатты дабдырап.
– Жо-жо-жоқ. Үмбетәлi жырласын,
Жамбылдың сол замандасы, сырласы...
Тұрды жырау орнынан тым селқос,
Қипалақтап, қалт-құлт етiп тұлғасы.
Өлең-жырға қарамайтын жатсына,
Алқа топта көрген талай бақ сынап.
Неге сонша тосылды екен жыр-жорға,
Қос ақынның әлде сұсы басты ма?
– Ал, Үмбеке, қара жырдың жорғасы,
«Әу» деп бiр сәт iшкі шердi қозғашы, –
Деп Әбдiлда демеу бердi жырауға –
Қонақтарға жырдан сәлем жолдашы.
Жиылған жұрт қарт жырауға қарады,
«Әу» деп сәл-пәл қырнады да тамағын,
Қайта-қайта жөткiрiнiп, мүдiрiп,
Домбыраның қағып селқос шанағын,
Тұмандайын тұмшалаған өз елiн,
Қасiреттi өртеп жатқан өзегiн,
Бiрер ауыз айтты дағы Нартайға
Үмбетәлi бердi өлеңнiң кезегiн:
– Қанша жылап тұрса дағы жүрегiм,
Дәрменiм жоқ, науқастанып жүр едiм.
Сен жалғастыр арғы жағын Жәкемнiң
Қадiрлеген iнiсiнiң бiрi едiң.
Шашасына шаң жұқпаған өлеңде
Дүлдүл едiң,
Жүйрiк едiң менен де...
Үмбекеңнiң осы тосын қолқасын
Тосырқады Мұқаң және Сәбең де.
Үмбекеңнiң жауабынан жаңылып
Қалғанына
Мұхаң жаны жабығып,
Жан-жағына жалтақ-жалтақ қарады,
Ашу буып, тыныс-демi тарылып.
Намыс қысып, жан-жүрегiн жұлмалап:
«Халық едiк тасқындатқан жыр ғажап,
Айта алмай алтыауызын ауылдың,
Қырғыз досқа боламыз ба шын мазақ?
Таңды таңға ұластырған ән-жырмен
Дәстүрiмiз кеткенi ме Жамбылмен?
Ақын қайда екпiнi – жел, сөзi – сел,
Жырларынан түн жадырап, таң күлген!...»
Өне бойы бiр суынып, бiр жанып,
Өңi-жүзi күреңiтiп... сұрланып
Тұрған Мұхаң «әу» дегенде Нарекең
Шыға келдi дүр жадырап, нұрланып.
Қарап ақын отыра ма мұндайда,
Саз аспабын келтiрдi де ыңғайға,
Қырандайын бiр саңқ етiп Нарекең
Кете барды қосылды да сырнайға:
«Жақсы жiгiт ермен тең,
Жаман жiгiт жермен тең.
Тату болса ағайын
Асқар Алатаумен тең.
Араз болса ағайын
Арпаласқан жаумен тең.
Оспанқұл мен Әлiмқұл,
Таудан асып келдiңдер,
Жамбыл қарттың аулында
Жылаған жұртты көрдiңдер.
Қазаққа қайрат қосатын,
Жырменен көмек бердiңдер.
Оспанқұл мен Әлiмқұл –
Алдымда пана ағасың.
Алатаудан алады
Қазақ та жырдың сағасын.
Қос бауыр елге келгенде,
Ақ ордама енгенде,
Көңiл айта бергенде,
Ақбөкендей желгенде,
Жазылғандай-ақ болды ғой
Жанымның қанды жарасы,
Көңiлiмнiң мұңды наласы...»
Осылайша Нартай ұзақ толғады,
Ел қайғысын өлеңімен жолдады.
Толықтырып қырғыздың қос ақынын,
Үмбекеңнiң үзiк жырын жалғады.
Ойы нәрлi, мағыналы астары
Нартай жыры шердi серпiп тастады.
Ел көгiнен үрей, мұңды қуалап,
Қаһарымен қасiреттi жасқады.
Аяқасты айтқан жырдан арналып
Сiлтiдейiн тына қалды бар халық.
Жер де, көк те, тау iшi де тым-тырыс.
Сазды жырға қалғандайын арбалып.
Тәнтi болып Оспанқұл мен Әлiмқұл:
– Ынтызар ек есiтуге әнiң дүр.
Таңдай қағып таңданғандай екенсiң,
Жоқтау-жырдың келтiрдiң-ау сәнiн бiр.
Ақ семсердей жасын жырың, айбының
Ыдыратты қара бұлтын қайғының.
Шайқалмапты жыр отауы қазақтың,
Өлмептi ғой, өшпептi ғой Жамбылым!
Қандай әуен,
не деген үн келiстi,
Теңселгендей болды шың, құз... жер үстi.
– Келшi бермен құшарлана құшайық! –
Нартайменен олар қайта көрiстi...
Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ,
Алматы.
Әрлi де нәрлi жырлар мен азалы әуендер қазалы елдiң көңiлiн бiр серпiлтiп тастайды. Тәнтi болған Мұхаң жан-жағына қарап:
– Қане, өлеңге өлеңмен жауап беретiн бiздiң елден кiм бар? – дейдi. Жылап-сықтап отырған ақын-жыраулар тосын сауалға сәл-пәл абдырап қалады.
– Кенен жауаптассын…
– Шашубай бар ғой…
– Жо-жоқ, Үмбетәлi айтсын, Жәкеңнiң үзеңгiлес iнiсi ғой, – деп көпшiлiк арасынан дауыстар шығып жатады.
Ортаға шыққан Үмбетәлi жырау даусын қырнай жөткiрiнiп, домбырасының шанағын селқос қағып, бiрер ауыз өлең жолдарын жұптайды да, «Науқастанып жүр едiм, жүрегiм жылап тұрса да жырлай алар дәрменiм жоқ, арғы жағын сен жалғастырғын. Жәкемнің үміт артқан жастарының бірі едің», – деп кезегiн Нартайға бередi. Мұны көрген Мұхаң «Таңды таңға ұластырып жыр айтатын ел едiк. Ақындарымыздың ауылдың алтыауызын айтуға да жарамағаны ма? Әлде ән-жырымыздың шынымен Жамбылмен бiрге кеткенi ме?» – деп iштей күрсiнедi.
Нартай ақын сырнайын ала-сала, ащы айқаймен тамағын ашып алып, әндете жөнеледi:
Оспанқұл мен Әлiмқұл –
Алдымда пана ағасың.
Алатаудан алады
Қазақ та жырдың сағасын.
Қос бауыр елге келгенде,
Ақ ордама енгенде,
Көңiл айта бергенде,
Ақбөкендей желгенде,
Жазылғандай-ақ болды ғой
Жанымның қанды жарасы,
Көңiлiмнiң мұңлы наласы… – деп ұзақ толғайды.
Қырғыз ақындарының өлеңдерiн толықтырып, Үмбетәлiнiң үзiк жырын жалғаған Нартай жыры ел көгiнен қайғы-мұңды қуалап, қаралы қауымды дүр жадыратады. Оспанқұл мен Әлiмқұл: «Ойпырмай, Жамбыл жәкемiз өлдi деп келсек, өлмеген екен ғой, тiрi екен ғой» – деп көпшiлiкпен қайта көрiскен екен.
Осы оқиға желісімен жазылған «Нартай» атты балладамды алғаш еңбекке баулыған, қанатымды қатайтып, томағамды сыпырып Алатауға – Алматыға ұшырған сүйікті газетім – «Өскен өңірдің» 80 жылдығына орай басылым оқырманына жолдап отырмын.
Автор.
... Аты қатар аталатын Гомермен,
Әрбiр сөзi орын алған көңiлден,
Жүз жастағы абыз Жамбыл бiр күнi
Қош айтысты опасы аз өмiрмен.
Шашу етiп асыл сөздiң арайын,
Күмбiрлеткен жақұт жырдың сарайын,
Жыр алыбын жаны күйе азалап,
Жеттi көршi қырғыз, өзбек ағайын.
Бiлдiрмек боп аза-мұңын Жамбылға,
Келiп жатты қойшы-қолаң, сал, мырза.
Астананың бастап қаламгерлерiн,
Келдi мұнда Мұхтар, Сәбит, Әбдiлда.
Ағылды ел Алатаудан, Алтайдан,
Сыр бойынан келдi дүлдүл Нартай да.
«Бауырымдап» жеттi Қалқа, Нұрлыбек,
Таудың iшi тұнды жоқтау-айқайға.
Талас суын талас қылмай тел iшiп,
Бiрге өскен той-думанын бөлiсiп,
Ақындары ақ қалпақты қырғыздың
Жоқтау айтты, болғаннан соң көрiсiп.
Төктi жырды ел қайғысын басатын,
Оспанқұл мен Әлiмқұлдай қос ақын.
Егiлдi жұрт зарлы, нәрлi, сазды жыр
Жанын тербеп, көңiлдерiн босатып.
Шерлi әуен, мұңлы мақам азалы
Дүр сiлкiнттi қалың елдi қазалы.
– Бек аман бол! – дедi Мұхаң тәнтi боп –
Қырғызымның марқасқа қос сабазы.
Биiктеттiң қазағымның өресiн,
Қайраттанып жинады бiр ел есiн...
Ұлы Мұхтар төңiрегiн бiр шолып:
– Кiм бар дедi жырмен жауап беретiн.
Күн-түн қатып шаршаған жұрт қалжырап,
Бұл сұраққа қалды бiр сәт абдырап.
– Кенен бар ғой...
– Үмбетәлi...
– Нұрлыбек...
Ақындарды атап жатты дабдырап.
– Жо-жо-жоқ. Үмбетәлi жырласын,
Жамбылдың сол замандасы, сырласы...
Тұрды жырау орнынан тым селқос,
Қипалақтап, қалт-құлт етiп тұлғасы.
Өлең-жырға қарамайтын жатсына,
Алқа топта көрген талай бақ сынап.
Неге сонша тосылды екен жыр-жорға,
Қос ақынның әлде сұсы басты ма?
– Ал, Үмбеке, қара жырдың жорғасы,
«Әу» деп бiр сәт iшкі шердi қозғашы, –
Деп Әбдiлда демеу бердi жырауға –
Қонақтарға жырдан сәлем жолдашы.
Жиылған жұрт қарт жырауға қарады,
«Әу» деп сәл-пәл қырнады да тамағын,
Қайта-қайта жөткiрiнiп, мүдiрiп,
Домбыраның қағып селқос шанағын,
Тұмандайын тұмшалаған өз елiн,
Қасiреттi өртеп жатқан өзегiн,
Бiрер ауыз айтты дағы Нартайға
Үмбетәлi бердi өлеңнiң кезегiн:
– Қанша жылап тұрса дағы жүрегiм,
Дәрменiм жоқ, науқастанып жүр едiм.
Сен жалғастыр арғы жағын Жәкемнiң
Қадiрлеген iнiсiнiң бiрi едiң.
Шашасына шаң жұқпаған өлеңде
Дүлдүл едiң,
Жүйрiк едiң менен де...
Үмбекеңнiң осы тосын қолқасын
Тосырқады Мұқаң және Сәбең де.
Үмбекеңнiң жауабынан жаңылып
Қалғанына
Мұхаң жаны жабығып,
Жан-жағына жалтақ-жалтақ қарады,
Ашу буып, тыныс-демi тарылып.
Намыс қысып, жан-жүрегiн жұлмалап:
«Халық едiк тасқындатқан жыр ғажап,
Айта алмай алтыауызын ауылдың,
Қырғыз досқа боламыз ба шын мазақ?
Таңды таңға ұластырған ән-жырмен
Дәстүрiмiз кеткенi ме Жамбылмен?
Ақын қайда екпiнi – жел, сөзi – сел,
Жырларынан түн жадырап, таң күлген!...»
Өне бойы бiр суынып, бiр жанып,
Өңi-жүзi күреңiтiп... сұрланып
Тұрған Мұхаң «әу» дегенде Нарекең
Шыға келдi дүр жадырап, нұрланып.
Қарап ақын отыра ма мұндайда,
Саз аспабын келтiрдi де ыңғайға,
Қырандайын бiр саңқ етiп Нарекең
Кете барды қосылды да сырнайға:
«Жақсы жiгiт ермен тең,
Жаман жiгiт жермен тең.
Тату болса ағайын
Асқар Алатаумен тең.
Араз болса ағайын
Арпаласқан жаумен тең.
Оспанқұл мен Әлiмқұл,
Таудан асып келдiңдер,
Жамбыл қарттың аулында
Жылаған жұртты көрдiңдер.
Қазаққа қайрат қосатын,
Жырменен көмек бердiңдер.
Оспанқұл мен Әлiмқұл –
Алдымда пана ағасың.
Алатаудан алады
Қазақ та жырдың сағасын.
Қос бауыр елге келгенде,
Ақ ордама енгенде,
Көңiл айта бергенде,
Ақбөкендей желгенде,
Жазылғандай-ақ болды ғой
Жанымның қанды жарасы,
Көңiлiмнiң мұңды наласы...»
Осылайша Нартай ұзақ толғады,
Ел қайғысын өлеңімен жолдады.
Толықтырып қырғыздың қос ақынын,
Үмбекеңнiң үзiк жырын жалғады.
Ойы нәрлi, мағыналы астары
Нартай жыры шердi серпiп тастады.
Ел көгiнен үрей, мұңды қуалап,
Қаһарымен қасiреттi жасқады.
Аяқасты айтқан жырдан арналып
Сiлтiдейiн тына қалды бар халық.
Жер де, көк те, тау iшi де тым-тырыс.
Сазды жырға қалғандайын арбалып.
Тәнтi болып Оспанқұл мен Әлiмқұл:
– Ынтызар ек есiтуге әнiң дүр.
Таңдай қағып таңданғандай екенсiң,
Жоқтау-жырдың келтiрдiң-ау сәнiн бiр.
Ақ семсердей жасын жырың, айбының
Ыдыратты қара бұлтын қайғының.
Шайқалмапты жыр отауы қазақтың,
Өлмептi ғой, өшпептi ғой Жамбылым!
Қандай әуен,
не деген үн келiстi,
Теңселгендей болды шың, құз... жер үстi.
– Келшi бермен құшарлана құшайық! –
Нартайменен олар қайта көрiстi...
Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ,
Алматы.