Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыр-әннің елі – Сыр елі

Жыр-әннің елі – Сыр елі

Жыр-әннің елі – Сыр елі


«Сыр елі, жыр елі» деп келетін ерекшеленетін Сыр мектебінің еліміздің оңтүстік-батыс өңірі Қызылорда облысы Қазалы, Арал аудандарымен қатар, Ақтөбе облысының Шалқар, Ырғыз аудан өңірлерін қамтитын жыраулық-жыршылық дәстүр, тарихы тереңнен қалыптасқан.Әр мектептердің өзіндік әуендік ерекшеліктерімен қалыптасқан, жыраулық-жыршылық дәстүрдің өзіне тән әуендік мақамдарымен ерекшеленеді. Ел арасында Жиенбай, Нартай, Сәрсенбай, Нұртуған болып төртке бөлген.
Төртке бөлінген мектептердің аймақтарын Берік Жүсіпов: «Жиенбай да, Нартай да, Нұртуған да ХІХ ғасырдың сексенінші-тоқсаныншы жылдары мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Сыр бойы – Шиелі, Қармақшы, Арал аймағынан шыққан сөз зергерлері. Қармақшы өңірі, Ақжар ауылының тумасы Сәрсенбай Бөртебайұлы – бүгінгі жаңсақ түсінік иелері тарапынан әсіре әспеттелгендігі болмаса, ХХ ғасырдың 70 жылдарына дейін көзі тірі келген көп жыршы-орындаушының бірі ғана», – деп қараған.

Жиенбай Дүзбенбетұлынан қалған көптеген мақаз-саздарын шәкірттері үлгі тұтқан. Оның немересі насихаттауға ат салысқан Көшеней Рүстембеков.
Арал өңірінен өз атымен аталатын жыршылық мектепті қалыптастырған ақын Нұртуған Кенжеғұлұлы. Өзінің қолына домбырасын ұстап топқа түсіп жыр айтпаса да, жыршылық мектептерге тән ерекшеліктерімен, мақаз-саздарын меңгерген қас орындаушы. Ұстаздық етіп шәкірттер тәрбиелеген Жәмет, Дәріғұл, Бақытжан сынды дарынды иелері тысқары болған жоқ.
Жоғары аталған мектептердің ішінде өзіндік ерекшелігімен өзгеден ерек мектеп болып қалыптастырған, Шиелі жерінен шыққан – Нартай Бекежанов. Сыр саңлағы өзіне жеке-дара мектеп болып, өзінің айрықша мақаз-саздарымен қолына домбырасы мен гармонын қатар ұстанған өнер иесінің әншілік мектеп болып қалыптасуына Арқадағы Үкілі Ыбырай мен Тайжандардың да ықпалы бар.
Арқа, Батыс, Жетісу әншілік мектептерден өзгешелігі, Сыр өңірінің ерекшелігі жыршы-жырау, термешілердің ұзақ жолдарды жатқа айтып, біріне-бірін жалғастырып жырлайды. Жырау бір жырдың ішінде бірнеше мақамға өзгеріп жырлап отырады.

Алайда сыр өңірінің әншілік мектептердің қалыптасып, сонау кездегі Қазтуған, Досмамбет, Шалкиіз, Ақтамберді жыраулардан бастау алған, бертін келе Андағұл Балқы Дайрабай, Нартай, Ешнияз сал, Күмісай, Тоғжан, Рүстембек жырау, Әбілда Жүргенбаевтардың жалғасқан дәстүрін, бүгінде Мұхамеджан Рүстемов, Құрманбек Бекпейісов, Алмас Алматов, Елмұра Жаңабергенова, Берік Жүсіпов сынды өнер иелерімен жалғасын табуда.

Sal-seri.kz
12 қаңтар 2019 ж. 2 009 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930