Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұзбалақ ақын мұқағали

Мұзбалақ ақын мұқағали

Бүгін ақын туған күні ой бәлі-ай,Мәз-мейрам боп бір марқайдық тойлап-ай.
Ұлы ақынның құдіретін түсініп,
Өлең жырын қанжығаға байлап-ай.

Қазақтың кейбір білгір, дүлділдері,
Өміршең өлеңіңді көзге ілмеді.
Поэзияның алыбы Әбділда ақын,
Талантын тау тұлғаның лезде білді.

Жаралдың топырағынан Қарасаздың,
Күрең күзді жырладың, әнін қаздың.
Мәңгілік марапатқа ие болып,
Мұзбалақ Мұқағали сен атандың.

Тыныштығын күзетіп аққулардың,
Туған өлке табиғатын сан жырладың.
Жігітінен қазақтың жолдас таппай,
Ару ақын Фаризаға ән арнадың.

Жырың бүгін айналды әсем әнге,
«Саржайлау» сахнаны бөлер сәнге.
«Сәби болғым келеді», «Бақыт әні»,
Өміршең пәлсафаға толы мәнге.

Бүгін сізге ұсынылар гүл шоқтар,
Ұл-қыздарың өлең оқып, жыр жаттар.
Шапан жауып, ат мінгізер халқың бар,
Туған елің мәңгі өзіңді ардақтар!

Гүлназ Әбдіқалықова,
№159 Еңбекші қазақ орта мектебінің мұғалімі.

Ақиқатты жырларынан табасың,
Мұқағали – ақындардың дарасы.
Қара өлеңінен сусындарын қандырар,
Өлең сүйген қазақтың әр баласы.

Жақсылықтан үміттерін үзбеген,
Жан дауасын қара өлеңнен іздеген.
Ақындар көп жалындаған жас дарын,
Келе жатқан өзің салған ізбенен.

Оқығанда жырларыңды тасқындап,
Әр сөзіңнен тасқындайды жасындар.
Бір ғасырда бір-ақ рет келеді,
Мақатаев атамыздай асылдар.

Мұқағали Мақатаев – ұлы есім,
Поэзияда жатыр сенің үлесің.
Ақын ата, атың сенің өлмейді,
Жырларыңмен мәңгі өмір сүресің.

Саят ЯХИЯ,
№49 орта мектебінің 8 сынып оқушысы.


Қалықтайтын әр сөзі тойларымда,
Жарқырайтын жырлары ойларымда.
Поэзия пырағын ерттеп мінер,
Ақын туды Қарасаз қойнауында.

Ойын қуар кез емес балақ түріп,
Жұрттың бәрі қатулы, қабақ тұнық.
Тойып ішер бір асты армандайтын,
Хан Тәңірі шыңына қарап тұрып.

Болмаса да балалық мас дәурені,
Шабыт оты шарпитын жас кеудені.
Мектеп оқып, мәз болып жүргенінде
Әке кетті майданға Мәскеудегі.

Содан бойын буып ап шымыр шабыт,
Жыр тамызды жүрекке шырындатып.
Езілген ел еңсесін көтеруге,
Жырдың құсын ұшырды пырылдатып.

Жырларыңмен жас қайың тербелгенде,
Сауығып жұрт сөзіңнен емделгенде.
Қыз да болса мұң шағып Фаризаға,
Сергейменен бір түстің сергелдеңге.

Ұнатпадың пейілсіз шат-думанды,
Жақтырмадың атақ пен ат қуғанды.
Сенің жырың көл болып тербетуде,
Жетімкөлден шошынған аққуларды.

Өзің едің жігіттің жарамдысы,
Шыдамдысы,тәуірі,бағамдысы.
Қажетіне жұртыңның жарап жатыр,
Үзілмейтін жырыңның таралғысы...
P.S.Қонды келіп бақыттың саған құсы.

Талғат Күзембаев,
Бала би ауылы.


Халыққа жалғыз ақын келген еді,
Өмірін қиындыққа көм демеді.
Халық та берді орын жүрегінен,
Мәңгілік өлең сөзді өрген еді.

Өмірге келгеніңе алғыс тағзым,
Жүрекке енгеніңе қарыштадым.
Мұзбалақ ақын-ата Мұқағали,
Сен қазақ болғаныңа қарыздармын.

Сіздей ақын таппаспын жер бетінде,
Жеті айналсам ұқсатпай келбетіңе.
Сұлулықты бойыңа жиып берген,
Не деген көрікті еді келбетіңде.

Ұлы ақын Абайым мойындатқан,
Өлеңімен талайын сусындатқан.
Сіздің де есіміңіз тұрар бір күн,
Париждің қақ төрінде мойымастан.

Қанша мықты тараған бір ұлт-қанды,
Заңғар көкте қаншасы қалықтады.
Самұрық құс ретінде биікке өрлеп,
Ұл-қызыңыз сіз үшін қанат қақты.

Әлі де еңбек етеді жолыңызда,
Сізді көкке көтеру ойымызда.
Ақынның өлең сөзі мәңгі өлмес,
Әр сәт жүрер жас ақын қаламында.

Тәңірі берген өлең құдірет пе?
Қазақ та мәңгі алар құрмет көкке.
Мұқағали өргізген сөз өрнегі,
Әрбір қазақ үшін де өшпес көкте!

Таңшолпан Қойшыбайқызы,
№219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің 9 сынып оқушысы.

09 ақпан 2019 ж. 2 388 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930