Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аяқ тырысқанда не істеу керек

Аяқ тырысқанда не істеу керек


Құрметті оқырмандар Stan.kz ақпараттық агенттігі аяқтың не үшін тырысатыны және аяқ тырысқанда не істеу керектігі жайлы пайдалы мәлімет ұсынады.

Дәрігерлер тырысуды адам ағзасының жеке ерекшелігі деп атауға болмайтынын және оларды елемеу керектігін айтады. Дәрігерлер тырысуды адам ағзасының жеке ерекшелігі деп атауға болмайтынын және оларды елемеу керектігін айтады. Шынында, тырысу синдромының пайда болуы құбылыс қайталанбауы үшін күресу керек патология бар екенін көрсетеді. Өйткені, тырысу қатты ауыртады, ал кейбір жағдайларда қауіпті.
Дәстүр бойынша, тырысу варикоз және қан айналымның баяулауынан туындайды деп есептеледі. Дегенмен, дәрігерлер бұл ауру сколиоз, яғни арқа омыртқасының қисаюы сияқты басқа себептерден болатынын айтты. Сонымен, тырысуды не тудыруы мүмкін және олармен қалай күресуге болатыны жайлы дәрігер не дейді.
Тырысу неліктен болады
Тырысудың негізгі және ең көп тараған себебі аяққа жүктеме (артық) дұрыс түспегеннен. Ал белгілі бір сәтте ол тырысу түрінде пайда бола бастайды. Мұндай стресті не тудыруы мүмкін? Оның туындау себебі бұған дейін болған сколиоздан және құйымшақ-сегізкөз аймағындағы жарақаттан болуы мүмкін. Ал соның салдарынан жамбас сүйектері жайылып, содан аяққа жүктеме дұрыс түспейді.
Негізінде бұл адамның жүруіне кедергі болуы керек еді. Бірақ біздің ағзамыздың кереметтігі сонша, ол бейімделіп алады. Бірақ бұлшықеттер сау денеге қарағанда көбірек жұмыс істей бастайды. Сонда оларға денені тігінен ұстап тұру үшін, қатты күш жұмсауға тура келеді. Ал адам ұйқыға жатқанда, ол демалғандай болады, бірақ аяқтың бұлшық еттері босаңсымайды. Ұйқы кезінде, қан айналымының ұлғаюына байланысты қозғалыс кезде жоғалып кететін, батырып, керіп ауыртатын әсер пайда болуы мүмкін.
Әдетте, отыру, жүру, секілді кез келген қозғалыс бұлшықетке түсетін күшті жеңілдетеді, бірақ егер төменгі дененің механикасы бұзылса, бұл жеткіліксіз болмақ.  Сондықтан, бұл процесс түнде жалғасады, ал ұйықтап жатқанда аяқтың  бұлшықеті тартыла  бастайды. Соның салдарынан адам оянып кетуі және тіпті ұйқысыздықтан зардап шегуі мүмкін. Бұл тынышсыз аяқтың синдромы деп аталады. Шын мәнінде, тырысу деген осы.
Сондай-ақ бұлшықеттердің тырысуын тудыратын себептердің арасында мыналар бар:
– Дене белсенділігі: ұзақ жүру, қарқынды жаттығулар. Тысыру бұл жағдайда бұлшықеттердің қалпына келмегені, демалмағаны және оларда жинақталған алмасу өнімдерінің толығымен жуылмағаны туралы белгі береді.
– Спортшылар денеге шамадан тыс күш түсіріп, спортпен жаттығып жатқан кезде де жиі тырысу пайда болады.
– Сонымен бірге, жүкті әйелдерге өспелі күш түскенде тырысу пайда болуы мүмкін. Жүктілік лакмус қағасы сияқты жұмыс істейді. Яғни, ол тірек-қимыл аппаратындағы қиындықтар мен бұрынғы жасырын ақауларды ашады.
– Қалқанша жанындағы бездің жұмысының бұзылуы. Ал оның салдарынан кальций ішекте баяу сіңіріледі.
– Гипогликемия немесе қандағы глюкоза деңгейін төмендеуі.
– Д дәруменінің жетіспеушілігі. Әрине, бұл тікелей себеп емес. Дегенмен, бұл витаминнің жетіспеуі тырысудың жанама белгісі болуы мүмкін. Ал Д дәруменіне тапшылық тұрғындардың көпшілігінде кездеседі, және бұны елеумеуге болмайды.
Егер, мұндай синдром үнемі пайда болса жәнеол  аяқтың бұлшықеттеріне ғана емес, басқа жерлерге де әсер етсе  міндетті түрде эндокринологпен кеңесу керек.
Ал егер жүзу кезінде, мысалы, бассейнде аяғыңызды төменге тартып бара жатқандай әсер болса, бұның екі себебі бар. Біріншіден, бұл шамадан тыс жүктемеге үйренбегеннен болады. Яғни, балтыр бұлшықетіне қатты күш түсіп, саусақтардың созылуынан осындай әсер болады. Екінші себеп – суықтан. Өйткені, төмен температура спазмды өздері тудыруы мүмкін.
Алғашқы көмек
Тырысу кезінде бұлшықетті мүмкіндігінше жылдам созыңыз. Және де оны күшпен созу қажет. Егер балтыр бұлшықетінің спазмасы болса, аяқтың ұшын өзіңізге қарай тартыңыз. Себебі, аяқ осындай күйде тұрса бұлшықетті созады және спазмның қайта пайда болуына кедергі келтіреді.
Сондай-ақ, бұлшықеттерде жиналып қалған ауыр күшті жеңілдетуге көмектесетін жаттығулар да бар.
1. Еңкею. Тырысуды жеңілдету үшін қолдың саусақтарымен аяқтың ұшына дейін созыламыз. Және бұл кезде табан толығымен еденде тұруы керек. Бұл жаттығуды 5-7 рет қайталаңыз. Бірақ, балтыр бұлшықетін жақсылап созу үшін, осындай позада бірнеше секунд тұруға тырысыңыз.
2. Бастапқы қалыпқа оралып, қайта тұрыңыз. Аяқтың ұшымен көтеріліп, қолыңызды жоғары созыңыз, содан кейін толығымен табанмен тұрып, бастапқы қалыпқа келіңіз. Бұл жаттығуды қысқа үзілістермен (5-10 секунд) он рет қайталаңыз.
Егер денеңізге жиі ауыр күш түсетін болса мысалы, ұзақ уақыт бойы аяғыңызбен тік тұрсаңыз, бірнеше минут аяқты көтеріп жатуға немесе отыруға уақыт табыңыз. Мүмкін болса, осы жаттығуларды орындап тұрыңыз.
Сонымен қатар, күнделікті жаттығулар, кешкі серуендер тырысу белгілерін жеңілдетуге көмектеседі. Сондықтан, бұлшықетті босаңсытатын кез келген нәрсе жасаңыз. Мысалы, жылытатын массаж немесе жылы ванна қабылдаңыз. Бірақ, төмен температуралардың кері әсер беретінін ұмытпаңыз, сондықтан қатты тоңып қалудан аулақ болыңыз және моншаға барғаннан кейін, мейлі ол мұзды купель, душ, теңіз болсын, суық суда шомылмаңыз.
Тырысудың алдын алу
Күйзеліске жол бермеңіз. Қаншалықты дөрекі естілсе де, күйзеліс денсаулыққа қатысты әр түрлі аурудың пайда болуына себепші. Жүйке бұзылуы – бұл біздің ағзамызға, ең алдымен, бұлшықеттің жиырылуына жауап беретін жүйке аяқталуына түсетін жүктеме.
Сонымен бірге, ағзаның сусыздануына жол бермеңіз, әсіресе денеге физикалық күш түсетін кезде. Ал осының барлығы ағзаға теріс әсер ететін жанама себептер, олар адамның мазасын қашыра отырып, маңызды элементтердің жетіспеушілігін тудырады.
Stan.kz
08 ақпан 2019 ж. 746 0