ТАМАҚҚА БІР НӘРСЕ ТҰРЫП ҚАЛУ
Ұстаған нәрсесін аузына салуға құмартатын балалар белгісіз нәрселерді жұтып қойғанда тыныс ала алмай, қақалып қалуы мүмкін. Баланың қалыпты дем алуы үшін тамағына кеткен затты дереу шығаруға тырысу керек.
Мұндай жағдайда балаға қандай көмек көрсету керек?
» Бала кішкентай нәресте болса, аяқтарынан біріктіріп ұстап, баланы төмен қарай салбыратып, жауырынының ортасынан 3-4 рет қатты ұрып, сипалау керек.
» Одан үлкен балаларды ішімен екі аяқтың үстіне жатқызып, арқасынан (төменнен жоғары қарай) алақанмен жылдам ұру керек. Өкпесіндегі ауаның бірден сыртқа шығуымен, тамаққа тұрып қалған зат та шығуы мүмкін.
» Үлкен балаларды қолтығының астынан, арқасынан құшақтап тұрып, қолдарын біріктіріп, қатты қысып сілку керек болады.
» Бұларды жасап жатқанда баланың аузын бақылып тұру керек. Егер бөтен нәрсе көрінсе, қолмен алып тастауға тырысу керек. Бірақ қолды тамақтың ішіне қарай сұқпаған жөн.
» Түрегеп тұрған баланың арқасынан ұруға болмайды. Өйткені жұтқан затын одан да төмендетіп, жағдайды қиындатып алуымыз мүмкін. Жоғарыдағы әрекеттерден кейін жұтқан заты шықпаса, дереу жедел жәрдем шақыру керек
https://reactor.inform.kz/