Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ықылық не үшін тиеді және онымен қалай күресуге болады?

Ықылық не үшін тиеді және онымен қалай күресуге болады?

Ерте ме, кеш пе әрқайсымызға ықылық тиеді. Ғалымдар тіпті анасының жатырында жатқан балалардың да ықылықтайтынын анықтады. Бұл қолайыздық не үшін болады және ол қаншалықты қауіпті, жалпы одан қалай құтылуға болады.

Ықылық тию себебі белгісіз

Осы уақытқа дейін неліктен біздің ешқандай себепсіз ықылықтайтынымызды ешкім білмейді. Мұнда, бұл проблема қанша уақытқа созылады және ықылықтың ағзаға қандай пайдасы бар деген тағы бір риторикалық сұрақ туады. Ғалымдардың айтуынша, бұл құбылыс диафрагма арқылы өтетін нервтік түйіндердің тітіркенуі нәтижесінде пайда болады. Бірақ бұл тітіркенудің не үшін туатыны әлі де құпия болып қала береді.

Кейбіреулері ықылық – жұқпалы аурулардың бір түрі деп санаса, ал басқалары мида өңеш спазмасын тудыратын ықылық орталығының бар екенін және бұл механизм бізді зиянды артық тамақтану мен ішуден қорғайтынын айтады. Бірақ, дәрігерлердің көбісі ықылықты ағзаны қақырықтан тазартатын жөтелге қарағанда бұл құбылыстан ешқашан құтылмайсың,  оның ешқандай пайдасы жоқ дегенді мойындамайды.

Физиология тұрғысынан, ықылық арнайы емес тыныс алу бұзушылығы болып табылады. Бұл – біртүрлі феноменді сүйемелдейтін өзіне тән дыбыс диафрагманың (кеуде және іш қуыстарын бөлетін бұлшықет кедергісі) дірілдеуінің қысқаруынан туындайтын дауыс шымылдығының аралығының бірден жабылып қалуының салдары болып табылады. Диафрагма қысымы мен дыбыстың пайда болу уақыты секундтың тек 35 мыңы ғана. Ол уақытта адам дем алмайды.
Дәрігерлер осындай кенеттен туындайтын дыбыстардың пайда болуының көптеген себептері бар дейді. Олар қатты тоңып қалу (әсіресе кішкентай балаларда), асқазанның шамадан тыс созылуы (шамадан тыс тәбетке байланысты), тағамды немесе суды ішкен кездегі шамадан тыс асығушылық, жүйке соққысы және тағы басқалар.

Әдетте, функционалды немесе жүйке ықылығы жүйке жүйесі әлсіз адамдарда туындайды. Мұндай ықылық тыныштанғаннан кейін жоғалады. Ал адам алкоголь ішкенде толассыз ықылықтауы мүмкін. Сондай-ақ , сульфаниламид сияқты кейбір дәрілерді қабылдау кезінде де туындаған жалпы интоксикация осындай реакция беруі мүмкін.

Ерекше симптом

Сыртқы себептерден туындаған ықылық мүлде қауіпсіз. Ол өздігінен кетеді. Бірақ созылмалы, ауыртатын ықылық белгілі бір аурудың белгісі болуы мүмкін. Мысалы, іш қуысындағы қабыну процесі немесе өкпенің қабынуы жиі диафрагманы тітіркендіреді, ал бұл мазаны қашыратын, созылмалы ықылыққа әкеледі.

Бұл белгi кейде өкпе немесе бауырдың қатерлі ісігі сияқты қорқынышты аурулардың белгісі болуы мүмкін. Ал дыбысы бар және жүрек соғысын жылдамдататын диафрагма спазмы, диафрагманың өңеш тесігінде жараның пайда болғанын көрсетуі мүмкін. Сонымен бірге, асқазанға немесе омыртқасына ота жасатқан адамдар көбінесе ықылықтың пайда болуына әкелетін тыныс алу бұзышулықтарын сезінеді. Ықылық бас және жұлынның кейбір ауруларында, сондай-ақ миокард инфарктісінде, жұқпалы ауруларда және психикалық қозу кезінде жиі пайда болады.

Бірақ, ықылық екі күнге немесе одан да ұзақ созылған жағдайда дәрігерге көріну қажет. Ұзақ уақытқа созылған және іштің ауырсынуымен және жүрек айнумен қатар жүретін ықылық ішек жарасы немесе асқазан ісігі, сондай-ақ бауырдың, өт қабының немесе ұйқы безінің ауруы болуы мүмкін. Сондай-ақ, ықылық ұстамасы ұзаққа созылған жағдайда, дәрігерге қаралу керек. Ал егер ықылық кезінде құссаңыз, әсіресе құсу кезінде қан болса тез арада жедел жәрдем шақырту қажет. Егер сіз жиі ықылықтасаңыз немесе ол ұзаққа  созылса, онда барий қоспасын қабылдағаннан кейін рентгендік тексеру жасатыңыз. Бұл өңеште қандай да бір механикалық кедергінің бар-жоғын анықтауға көмектеседі. Ал басқа себептер бойынша пайда болған ықылықты жою үшін, дәрігер бұл жайсыздықтың неге байланысты  туындағынына қарап дәрі-дәрмек тағайындауы мүмкін.

Ықылықпен күресу әдістері

Егер ықылық аурумен байланысты болмаса, одан әртүрлі тәсілдермен құтылуға болады.
– Мысалы, Гиппократ осындай жағдайларда түшкіруге тырысу керек дейді. Тағы бір әдісі – деміңізді ұзақ уақыт бойы ұстап тұру және өзіңізді алаңдатұан мәселені ойламауға тырысып, басқа лайықты нәрсеге назар аудару. Егер ұзақ уақыт бойы дем алмай тұра алмасаңыз, онда басыңызға полиэтиленді пакет киіп көріңіз. Бұл қандағы көміртегі диоксидінің концентрациясын арттыруға көмектеседі және сәйкесінше спазмды босатады.

– Егер жаңа туылған нәресте тамақтанғаннан кейін ықылықтайтын болса, онда баланы тігінен көтеріп жүріңіз де, арқасын сипалаңыз. Сонда ауа шығып, ықылық тоқтайды.

– Кейде кішкентай балалардың ықылықтау себебі қатты тоңып қалудан болады. Сондықтан, балаға суық емес пе соны  тексеріңіз. Егер бала тоңып қалса, оны жылылап ораңыз, сонда аз уақыттан кейін ықылық кетеді.

– Егер үлкен жастағы бала ықылықтайтын болса, онда оған су беріп көріңіз. Себебі, ол тым көп тамақ ішіп қоюы немесе асты асығыс ішкен болуы мүмкін.

– Ықылықтан жылдам құтылудың әдістерінің қатарында мыналар да бар:  Ықылық тисе алдыңыздағы үстелдің үстіне су құйылған кесе қойып, қолыңызды айқастырып, төменге иіліңіз де, қолдың көмегінсіз ерніңізбен тостағанға дейін жетіп, су ішіңіз.

– Кейбіреулер сусыз, бір қасық құмшекер жеуге кеңес береді. Болмаса ащы немесе қышқыл нәрсе, сондай-ақ бір кесек мұз жеуге болады. Егер ауыртатын ықылық болса, жылы сусын ішіңіз немесе ішіңізге жылытқыш, болмаса суық зат қойсаңыз жақсы көмектеседі.

– Сондай-ақ, ықылықты рефлекторлық жолмен тоқтатуға болады. Ол үшін құсуды тудыратындай етіп, саусақты жұтқыншақ қабырғасына салыңыз. Бұл ықылық ырғағын тоқтатуға көмектеседі.

stan.kz
14 қаңтар 2019 ж. 1 871 0